2017 жылдың 20-ақпанында «Барлық жұмыс жақсырақ, талғаммен таңда!» тақырыбында мамандықтар бойынша 4 «В» сыныбындағы ашық сабақ әңгімелеу формасында, ойын элементтері және презентация көрумен өткізілді. Оқушыларға мамандықтар туралы көптеген әндер бар екені хабарланды. «Ойлан-тап» ойыны ойнатылды. Оқушыларға заттар көрсетілді, олар қандай маманға қажет екендігін анықтады. Және керісінше, адамның немен айналысатындығы айтылды, оқушылар ол адамның мамандығын анықтады. Сынып сағатының соңында балалардың болашақта қандай
маман иесі болғылары келетіндігі жөнінде айтылып, өздерін болашақ маман иесі ретінде сурет салу ұсынылды. Сыныпта көрме ұйымдастырылды. Сынып сағатына ата-аналар шақыртылды. Олар өздерінің мамандықтары мен жұмыстары жөнінде сөз қозғады. Сабақты қорытындылап, әрбір
еңбектің маңыздылығы мен қажеттілігін танып, білді.
Сынып жетекшісі: Казжанова Ж. Т.