«БиС» технологиясы бойынша қалалық оқыту семинарын өткізу туралы
2017 жылдың 1 наурызында «Красный яр № 1 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде «Оқу-тәрбие процессінде «БиС» технологиясын қолдану» тақырыбында қалалық оқыту семинары өткізілді. Семинардың мақсаты: қазіргі заманғы педагогтың біліктілік көрсеткіші ретінде «БиС» технологиясын қолдану мүмкіндігін түсіну. Педагогикалық ұжым «БиС» технологиясы туралы теориялық білімді жүйелендіріп, оқушылардың білім сапасын арттыру аясында технологияны қолданудың ықпалын анықтады.Оқу-тәрбие процессіне технологияны енгізу бойынша жұмыс тәжірибесімен алмасу жұмысын жүзеге асырды.Семинардың барысында мұғалімдер Хайдарова Г.М., Усманова Г.Ж., КарамендинаС.Е., Ескендирова Б.Б., Фахруденов Р.Б. «Ауызша сабақ 1», «Ауызша сабақ 2», «Биоинтернет» технололгиялық карталарын қолдана отыра ашық сабақтар берді.
Семинарға Көкшетау қалалық білім бөлімінің әдіскері Шарипова Н.Ж., Ақмола облысы және Көкшетау қаласы бойынша «БиС» технологиясын үйлестірушісі Алимова К.Х. және Красный Яр селосы мен қала мектептернің 21 мұғалімі қатысты.
Бүгінгі семинар «БиС» технологиясын еңгізудің бастамасына айналып отыр.
Аталған іс-шараның қорытынды бөлігінде қатысушылар өткізілген іс-шараға жоғары баға беріп, алғыстарын білдірді.
Авторы: Мугжанова А.Д.