"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША  БІЛІМ БӨЛІМІ КРАСНЫЙ ЯР АУЫЛЫНЫҢ  № 1 ЖАЛПЫ  ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН  МЕКТЕБІ" КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
КОММУНАЛЬНОЕ ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ "ОБЩЕОБРАЗОВАТЕЛЬНАЯ ШКОЛА  № 1 СЕЛА КРАСНЫЙ ЯР  ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ПО ГОРОДУ  КОКШЕТАУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ"

kssh__1

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Красный Яр №1 орта мектебінде 06.02.17-11.02.17 ж. аралығында өткізілген ағылшын тілі пәні апталығының есебі

07.03.2017

Красный Яр №1 орта мектебінде 06.02.17-11.02.17 ж. аралығында өткізілген ағылшын тілі пәні апталығының есебі

 

 2017 жылдың 6 мен 11 ақпан аралығында біздің мектепте ағылшын тілі апталығы өткізілді.

Ағылшын тілі апталығының мақсаты: Оқушылардың ағылшын тілін меңгеру, мәдениетаралық коммуникативтік  біліктерін қалыптастыру мен дамыту, интеллектуалдық және шығармашылық қабілеттерін дамыту.

 

Апталықтың өткізілу жоспары әдіс бірлестігінде қарастырылып, мектеп директорымен бекітілді. 6 ақпан күні  ««Be Trilingual, speak English!»» тақырыбымен онкүндіктің салтанатты ашылуы өтізілді. Апталықтың ашылуына 8 «А» сынып оқушылары қатысты. Әдістемелік бірлестік жетекшісі Шайхина А.К. апталықтың ашылуымен оқушыларды құттықтады. Саптүзеу``Million voices`` әнімен аяқталды.

 

Апта бойы 06.02.17-10.02.17 ж. ағылшын тілінің мұғалімдері Есмагулова А.А,  Искакова К.А және Тұмарқажы А. 5-9 сыныптар арасында «Your Majesty-London» атты қабырға газеттер сайысын өткізді. Бұл сайысқа барлық мектеп оқушылары белсене қатысты. Сайыс қорытындысы апталықтың жабылуында жарияланды. 

 

07.02.17 ж. 8-11 сыныптар арасында «Ағылшын тақпақтарының әдеби аудармасы» атты сайыс өткізілді. 1. 8 сынып "Flowers" авторы Wendy Cope 2.  9 сынып If you came"  авторы Ruth Pitter " 3. 10-11 сынып "The Minister For Exams"  авторы Brian Patten тақпақтарын аударды. Іс-шара өте қызықты және тартымды өтті.

 

08.02.2017 ж.  жылы ағылшын тілі апталығының шеңберінде ағылшын тілінің мұғалімі Насырова Лариса Рафаиловна «Sightseeing in London» тақырыбымен сыныптан тыс іс-шара өткізді. Сабақ саяхат түрінде өткізілді. Оқушылар әр тапсырманы белсенділікпен орындап, Лондон туралы білімдерін ортаға салды. Іс-шара қызықты әрі мазмұнды өтті.

 

 

08.02.17 ж. 3 «Ә» сыныбында ағылшын тілінен «We are going to China by ship» тақырыбы бойынша Тұмарқажы А. ашық сабақ өткізді.

Сабақты фонетикалық дыбыстарды дыбыстаумен басталды. Сабақта лексика – грамматикалық материал ойын түрінде қайталанды. Сабақ барысында мұғалім түрлі әдіс-тәсілдерді қолданып отырды. Оқушылар сабаққа өте белсенді қатысты. Сабақ өте қызықты және мазмұнды өтті.

 

 

09.02.17 ж. 10 «А» және  10 «Ә» сынып оқушылары арасында ағылшын тілінен «Lucky Chance» тақырыбы бойынша сыныптан тыс іс-шара өткізілді.  Оқушылар екі топқа бөлініп, топпен жұмыс жасады. Сабақтың мақсаты: Оқушылардың ағылшын тілінде сөйлейтін елдер туралы білімдерін тиянақтау. Жаңаша әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы сөйлеу қабілеттерін дамыту болды. Іс-шара өте қызықты және мазмұнды болды.


09.02.17 ж. 8 «В» сынып оқушыларымен  «Respiratory system» тақырыбында біріктірілген (биология+ағылшын)

 сабақ өткізді. Пән мұғалімдері биология пәнінің мұғалімі: Хайдарова Г.М және ағылшын тілінің мұғалімі: Есмагулова А.А. Оқушылар адамның дене мүшелері туралы білімдерін ағылшын тілінде ортаға салды. Сабақта мұғалімдер әр түрлі әдіс-тәсілдерді қолданып отырды. Сабақ өте қызықты және мазмұнды болды. Мұғалімдер өз мақсатына жетті.

 

10.02.17ж. 6 «Ә» сыныбында Project work «Education» тақырыбы бойынша Искакова К.А ашық сабақ өткізді. Сабақты фонетикалық дыбыстарды дыбыстаумен басталды келесі кезекте лексика – грамматикалық материал ойын түрінде қайталанды. Сабақ барысында мұғалім түрлі әдіс-тәсілдерді қолданып отырды. Мұғалім сыныпты төрт топқа бөлді және әр топ өздеріне берілген тапсырмаларды  белсенділікпен орындап отырды. Сабақ өте

қызықты және мазмұнды өтті.

 

 

10.02.17ж. ағылшын тілінің мұғалімі Тұмарғажы Акерке апталық шеңберінде 5 «А» -5 «Ә» сыныптар арасында  «We knows English better?»  атты сыныптан тыс іс-шара өткізді. Оқушылар әр тапсырманы белсенділікпен орындай білді. Іс-шара өте қызықты өтті.

 

10.02.17  жылы ағылшын тілі апталығының шеңберінде ағылшын тілі мұғалімдерінің ұйымдастыруымен 8-11 сыныптар арасында «Karaoke star”  ән-әуен конкурсы өткізілді. Оқушылар ағылшын тілінде өз өнерлерін көрсетіп, актерлік қабілеттерін шыңдап ағылшын тілін қаншалықты білетіндерін көрсетті.

Іс-шара өте қызықты болды.

 

Қорыта келе, осы онкүндікте өткізілген іс-шаралардың   әрбір кезендерінің ойланып құрылғандығы, оқушылардын қызметін жиі ауыстыруы, қызықты ойын сәттері –осының барлығысы ағылшын тілі мұғалімдерінің алдына қойған міндеті мен    мақсатына  жетуіне ықпал етті. Құрылған жоспарға сәйкес барлық іс-шаралар уақытында өткізілді.

Просмотров: 737


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст