"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША  БІЛІМ БӨЛІМІ КРАСНЫЙ ЯР АУЫЛЫНЫҢ  № 1 ЖАЛПЫ  ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН  МЕКТЕБІ" КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
КОММУНАЛЬНОЕ ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ "ОБЩЕОБРАЗОВАТЕЛЬНАЯ ШКОЛА  № 1 СЕЛА КРАСНЫЙ ЯР  ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ПО ГОРОДУ  КОКШЕТАУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ"

kssh__1

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

№1 Красный Яр орта мектебінде «ХХІ ғасыр көшбасшысы» зияткерлік ойынның өткізілуі туралы.

07.03.2017

№1 Красный Яр орта мектебінде   «ХХІ ғасыр көшбасшысы» зияткерлік ойынның өткізілуі туралы.

 Тақырыбы: «Ыбырай Алтынсарин – қазақ балалар әдебиетінің атасы»

 

2017 жылдың 2-ші наурыз күні №1 Красный Яр орта мектебінде «ХХІ ғасыр көшбасшысы» атты қалалық сайысы  өткізілді. Сайысқа қала мектептерінен 13 оқушы қатысты.

  Сайыс 5 айналымнан құрылды:  

 1 айналым: «Ыбырай Алтынсарин –қазақ балалар әдебиетінің атасы»

 2 айналым: «Бәйге»

 3 айналым: «Жорға»

 4 айналым: «Полиглот» . «Жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі ілім біл». 

 5 айналым: «Шешен»-«Егер де мен...»

    Сайыс оқушылардың мәнерлеп оқуынан басталды. Балалар Ыбырай Алтынсариннің шығармаларынан  үзінділерді жатқа оқыды. Прозалық туындыларынан гөрі поэзия басым болды. Сайыскерлер ақынның ойын дауыс ырғағымен, мәнерлеп оқуымен жеткізуге тырысты.

  «Бәйге» айналымында ұлы ағартушының қазақ халқына атқарған қызметін қаншалықты білетінін анықтадық.

   «Жорға» айналымында  оқушылар сурет арқылы әңгімені қалай құрастыра білетінін көрсетті. Бұл сайыс қатысушылардың сөздік қорының деңгейін білдірді.

    Балалар Ы.Алтынсариннің шығармаларынан алынған үзінділерден бір сөзді алып орыс, ағылшын тілдеріне аударып отырды. Бұл сайыста оқушылар  ағылшын тілінен  жетік білім танытты.

   Соңғы айналым арқылы  балалар өз тілінде әңгіме құрып, сөйлеу қабілеттерін айқындады.  «Егер де мен...» деп басталатын сөйлемді жалғастыру арқылы әр жеткіншек өзін әкім, мектеп басшысы, қаржыгер, ақын, т.б. қоғамға қажет іскер адамдарының орындарына өзін қойып, қиялдады.  

     Қала мектебінің орыс сыныптарында оқитын қазақ балалары  Ыбырай Алтынсариннің өмірі, шығармашылығы мен қатар оның ағартушылық қызметі туралы  білімдерін көрсете алды. Әр бала жан-жағынан ашылды. Атап айтсақ: сахна мәдениетімен бірге шешендік қабілеті, үш тілді білетіндігі, өздерінің ізденімпаздығы мен ұлы тұлғаға деген қызығушылығы.

   Ұлтымыздың мақтанышы Ыбырай Алтынсариннің өмірі   әр қазақ баласына үлгі болуға тиісті.

Сайысың жеңімпаздары болып аталған оқушылар:

 

1.Сабров Аян – І орын, №14 ОМ

2. Сералиева Аружан – ІІ орын,  №16 ОМ

3. Сартаева Диляфруз – ІІ орын, №5 МГ «Таңдау»

4.Кабиева Дамира – ІІІ орын, №2 КОМ

5.Сегизбаева Санира – ІІІ орын, №6 ОМ

6.Сейфуллина Айнур – ІІІ орын, №17 ОМ

  Орындаған:№1 Красный Яр орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерінің әдістемелік ұжымы.

Просмотров: 466


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст