"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША  БІЛІМ БӨЛІМІ КРАСНЫЙ ЯР АУЫЛЫНЫҢ  № 1 ЖАЛПЫ  ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН  МЕКТЕБІ" КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
КОММУНАЛЬНОЕ ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ "ОБЩЕОБРАЗОВАТЕЛЬНАЯ ШКОЛА  № 1 СЕЛА КРАСНЫЙ ЯР  ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ПО ГОРОДУ  КОКШЕТАУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ"

kssh__1

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ағылшын тілі үйірмесінің есебі

17.07.2017

Красный Яр №1 орта мектебінде 3.07.17ж – 15.07.17ж аралығында ағылшын тілі пәнінен «Funny English» үйірмесі жұмыс атқарды. Үйірме жетекшісі: Искакова Кундыз Амангельдиновна. Үйірмеге жалпы 7 -8 сынып оқушылары қатысты. Қатысқан оқугшылар саны 20 болды. Күнделікті үйірмеге қатысатын балаларды есепке алып отырдым. Үйірме жалпы 10 сағатқа арналып, күніне 1 сағат берілді.

  Үйірменің жалпы мақсаты:

-         қатысымдық құзыретті жетілдіру, шет тілін оқуға уәждемені арттыру және оқушылардың жеке-психологиялық ерекшеліктерін дамыту.

-        оқушының қарым-қатынас мәдениетін дамытуға жағдай туғызу, грамматикалық, фонетикалық ережелерді ескере

отырып, еркін таза сөйлеуге бейімдеу,үйрету.

-         ұлтаралық қатынас тілінде өзара байланыс және қарым-қатынас тәсілдерін меңгерту.

Міндеті:

-сөздік қорын молайту арқылы сөйлете білу.

-оқушылардың тілдік сауаттылығын арттыру.

-шығармашылық қабілеттерді дамыту.

- оқушылардың логикалық ойлауының бірізді болуын қалыптастыру.

Жазғы тілдік үйірмеде балалар бірінші күні бір-бірімен ағылшын тілінде танысып, Қазақстан туралы ағылшын тілінде презентация дайындады. Топта жұмыс істеді. Әр топ оқушылары өз жобаларын қорғады. Ағылшын лексикасын қолданып түрлі ойындар ойнады. My favourite town сабағы тақырыбында Красный Яр селосына саяхат жасап,

көрікті жерлер туралы ағылшынша сипаттап берді. Астана қаласы тақырыбында жаңа лексиканы қолданып, жоба қорғады. Сондай-ақ ағылшын ақындарының өлеңдерін аударып, оқыды. Лондон тақырыбында Лондонның көрікті жерлері туралы бейнефильм көрді. Үйірме барысында балалар өздерін шығармашылық жағынан да таныта білді. Ағылшын тілінде ертегі қойып, ағылшынша әндер айтты. Сонымен бірге әр сабақта бір жаңа әннен үйреніп отырды. Жазғы тілдік үйірмені ұйымдастыру оқушылардың тілдік дайындығын күшейтті. Қойылған мақсат міндеттерге жеттім деп ойлаймын. Үйірме аясында оқушыларға өздерінің өзге тілді қарым-қатынасын білім, білік дағдыларын жетілдіруге мүмкіндіктер берілді.

 

Просмотров: 6534


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст