"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША  БІЛІМ БӨЛІМІ КРАСНЫЙ ЯР АУЫЛЫНЫҢ  № 1 ЖАЛПЫ  ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН  МЕКТЕБІ" КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
КОММУНАЛЬНОЕ ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ "ОБЩЕОБРАЗОВАТЕЛЬНАЯ ШКОЛА  № 1 СЕЛА КРАСНЫЙ ЯР  ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ПО ГОРОДУ  КОКШЕТАУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ"

kssh__1

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Қазақ тілі үйірмесі

27.07.2017

Красный Яр №1 орта мектебінде 3.07.17ж – 15.07.17ж аралығында қазақ тілі пәнінен үйірмесі жұмыс атқарды. Үйірме жетекшісі: Сабитова Айжан Бахытбекқызы. Үйірмеге жалпы 3 -4 сынып оқушылары қатысты. Қатысқан оқушылар

саны 20 болды. Күнделікті үйірмеге қатысатын балалар есепке алынып отырды. Жалпы үйірме  10 сағатқа арналып, күніне 1 сағат өткізіліп  отырды.

  Үйірменің жалпы мақсаты:

1.     Оқушылардың белсенді  шығармашылық  дамуы мен демалысына  қолайлы  жағдай  жасау;

2.     Оқушылардың  өздігінен  қазақ  тілін  үйренуге  қызығушылықтарын арттыру;

3.    Оқушыларға сыныптан тыс  іс-шараларға   қатысу мен  дайындаулары мен өз іс-әрекеттерін бағалай алуға  мүмкіндік  беру.

Міндеті:

-ойлау-өрістері мен қиялын дамыту;

-сөздік қорын молайту арқылы сөйлете білу.

-оқушылардың тілдік сауаттылығын арттыру.

- ұжымда  жұмыс  жасай  алу  қабілетін  арттыру.

-оқушылардың логикалық ойлауының бірізді болуын қалыптастыру.

 Жазғы тілдік үйірмеде балалар алғашқы  күні  тілдік  этикет ережесін сақтай  отырып,  бір-бірімен  қазақ тілінде  танысты.  «Жайдарлы  жаз, қош келдің!»  тақырыбында танысу  сабағы  өткізілді. Топпен,  жұппен  жұмыс жасай 

алу  қабілеттері артты.  Оқушылар  өздерінің  ойларын қазақ тілінде еркін жеткізе  алды. Ойын  элементтерін 

пайдалану  оқушылардың   үйірмеге деген  қызығушылықтарын арттыруға  көмегін тигізді. «Тілдік  мектеп жарнамасы» тақырыбы  аясында оқушылар  қазақ тілі  үйірмесіне  жарнама жасап,  жоба  құрастырып, өз  жобаларын  жеткілікті деңгейде  қорғай  алды.

«Менің отбасым» тақырыбы  бойынша  оқушылар өздерінің  отбасы  мүшелері  туралы  қазақ тілінде  баяндап, ана, әке , ата  мен әже  туралы  тақпақтарды  мәнерлеп  оқып,  жатқа  да айтып бере  алды. Монологтық  сөз  сөйлеу 

түрінде   оқушылар суреттерді  қолдана отырып,  өз отбасыларын  таныстырды.  Тақпақты  мәнерлеп  оқу 

бойынша  шағын  байқау  ұйымдастырылып, оқушылар марапатталды.

Жазғы тілдік үйірмені ұйымдастыру оқушылардың тілдік дайындықтарын  күшейтті. Алға қойылған  мақсат пен 

міндеттер орындалды  деп  санаймын. Оқушылардың  бойында  қазақ тіліне деген  қызығушылықтарының  артқанына  көз жеткізуге  болады.  Қазақ тілі  бойынша  өткізілген үйірменің оқушыларға  оң  әсерін әкелгендігіне  сенімдімін.

Просмотров: 1487


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст