2017 жылдың 17 тамызынан 28 тамыз аралығында Красный Яр № 1 орта мектебінде оқушылардың жазғы демалысын
ұйымдастыру мақсатында математиктер үйірмесі жұмыс жасады. Үйірменің негізгі мақсаты оқушылардың жазғы демалысын мазмұнды ұйымдастыру, математика сабағына деген қызығушылықтарын арттыру, оқу жылы барысында алған білімдерін тиянақтау болып табылды.Үйірмеге 3-4 сыныптардан 20 оқушы қатысты. Бекітілген жоспарға сай жұмыс нәтижелі жүргізілді. Оқушылар ұйымдастырылған барлық іс- шараларға жауапкершілік және қызығушылықпен қатысты. Үйірме барысында "Кім математик?", "Математика әлемі", "ЭХРО - 2017 - болашақ знергиясы", "Қызықты есептер", "Ал , кане, жарысайық!" тақырыптарына ойын сабақтары, танымдық сабағы, жарыс сабақтары өткізілді. Таза ауада спорттық ойындар ұйымдастырылды. №3 агротехникалық колледжге саяхат ұйымдастырылды. Іс- шараларға белсенді қатысқан оқушылар тәтті сыйлықтар және мадақтамалармен марапатталды.