Шілде айының 17 – 28 аралығында математика пәнінен 5 – 8 сынып оқушыларына үйірме жұмысы өткізілді. Үйірме жоспарын бекіткізіп жоспарға сәйкес жұмыс жүргізілді, 10 сағатқа жоспар жасап, директорға бекітіп, сол тақырыптық жоспар бойынша жұмыс жүргізді. Оқушылармен жұмыс істеу барысында оқушының қабілетіне қарай сабақта тапсырмаларды орындаудағы ерекшілігі мен алғырлығы, оқу мәнері, ізденімпаздылығын бақылап отырды. Сабақ барысында оқушылар сабаққа белсене қатысып, жұптық және топтық жұмысты жасай отырып, үйірмеге деген қызығушылықтары артты. Үйірмеде балалар логикалық тапсырмаларды, математикадан стандарт емес есептерді, мектеп курсындағы білімдеріне сай тапсырмаларды орындаған болды. Топпен жұмыс жасай отырып, оқушылар еркін сөйлеп, өз ойларын еркін жеткізе білді. Үйірме жұмысының салтанатты жабылуы 28 шілде күні Красный Яр селосының Агро - техникалық колледжінде өтті. Оқушыларға арналған түрлі спорттық ойындар, концерттік
бағдарлама өткізілді.