"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША  БІЛІМ БӨЛІМІ КРАСНЫЙ ЯР АУЫЛЫНЫҢ  № 1 ЖАЛПЫ  ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН  МЕКТЕБІ" КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
КОММУНАЛЬНОЕ ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ "ОБЩЕОБРАЗОВАТЕЛЬНАЯ ШКОЛА  № 1 СЕЛА КРАСНЫЙ ЯР  ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ПО ГОРОДУ  КОКШЕТАУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ"

kssh__1

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» тақырыбында өткен қазақ сыныптарындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша апталық

14.12.2017

№1 Красный  Яр орта  мектебі  бойынша қараша  айының  20-ы нан 24-і  аралығында  

  «Болашаққа  бағдар: Рухани жаңғыру» тақырыбында өткен   қазақ сыныптарындағы  қазақ тілі  мен 

әдебиеті  пәні   бойынша   апталықтың  мәтіндік есебі.

 

           Апталықтын мақсаты: қазақ тілі  мен  әдебиетінің  мол  мұрасымен кеңінен таныстыру, пәннің  адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру, тілдің мемлекеттік мәртебесін қалыптастыру.  Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге үлес қосу.  Қазақ халқының әдебиетін негізге ала отырып, көркем әдеби шығармалардағы кейіпкерлердің игі істерін насихаттау арқылы елжандылыққа,   адамгершілікке, бауырмалдыққа  тәрбиелеу.   Тілін,  елін сүйе білуге үйрету.

20.11 күні  5-11 сынып оқушыларымен апталықтың салтанатты  ашылыуы «Болашаққа  бағдар:Рухани жаңғыру» атты  салтанатты  жиын өтті. Салтанатты жиын  өте жақсы  ұйымдастырылған дәрежеде өтті. І ауысымдағы жиын   сағат 1035  өткізілсе, ал ІІ ауысымда 1525      өтті.  Салтанатты жиынға  қазақ тілі  мен әдебиет  пәнінің мұғалімдері Қазбекова Қ.Қ,Султанова А.Г.,Саденова Г.Ш, Ескендирова Б.Б. жауапты болды.

21 .11. күні   сағат 10 00-де  8- 10 сыныптар арасында эссе байқауы өтті. Эссе жазуға  сыныптың белсенді оқушылары, шығармашылық  пен әдебиетке  жақын оқушылар  белсене қатысты. Жауапты мұғалімдер ӘБ жетекшісі Ескендирова Б.Б.,Султанова А.Г, Саденова Г.Ш, Қазбекова Қ.Қ.

22.11. күні   сағат 13.00- де  «Қазақ әліпбиінің Латын әліпбиіне ауысуы» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Дөңгелек үстелге  9 «А», «Ә» сынып оқушылары  қатысты. Жауапты  мұғалім  Султанова А.Г. Латын әліпбиі туралы  оқушылар өз ойларымен  , халық 

зиялыларының пікірлерін талқыға салды. Дөңгелек үстел өз мақсатына  жетті.

23.11 күні  сағат 12 00-де   мектебіміздің   акт залында 11 «А»,  «Ә» сынып  оқушыларымен    «Заңғар жазушы, дархан дарын иесі Мұхтар Әуезовтың   шығармашылық мұрасы»  жайлы сабақтан тыс іс-шара өткізілді. Жетекшісі: Саденова Г.Ш.  Іс-шараға 

оқушылар жақсы  дайындалған, әр қайсысы дарын иесі Мұхтар Әуезовтың  шығармашылыға, отбасына, еңбектеріне толық тоқталып өз пікірлері мен ойларын айтып кетті.

23.11. күні  сағат  16.00-де  мектебіміздің  акт залында  5-6  сынып оқушыларының  арасында  патриоттық өлеңдерді  мәнерлеп  оқу сайысы өткізілді. Сайысқа  5-6 сынып оқушыларының әдебиетті сүйіп оқитын оқушылар  нақышына  келтіріп патриотты өлеңдерді мәнерлеп оқып,  үздіктері  алға суырылып шықты. Бүл сайыста мектебіміздің  оқушылары өз еңбектері мен таланттарын көрсетті.

24.11 күні   сағат  16.00-де мектебіміздің  акт  залында «Сөз  мерген» зияткерлік сайысы 7 «А», «Ә», «Б»  сынаптарына 

ұйымдастырылды. Барлық сыныптар өз тобымен, ұранымен, топ басшыларымен таныстырып өтті. Ойын  қызулы тартыста  өтті. Өте  қызықты, әрі әсерлі  болды. Оқушыларға  қатты ұнады.

27.11. күні  Апталықтың салтанатты жабылуы өтті. І ауысымда  10.35-те, ІІ ауысым 15.25-те  өтті. Апталықтың жабылуында  белсене  қатысқан оқушылар , сыныптар, бірінші, екінші, үшінші  орын алған оқушылар  марапатталды.

Мәнерлер  оқу  сайысында орын алған оқушылар мен мектебіміздің жас ақыны  Ашимхан Абылайхан өз өлеңдерін оқып,  оқушылардың  рухын оятты. Апталықта  ұйымдастырылған іс-шаралар оқушылардың ойларынан шықты. Белсене  қатысқан оқушыларға  ұстаздар өз ризашылықтарын білдірді.

Осы  апталықта  ұйымдастырлған  әр іс-шара  өз мақсатына жетті, апталықты ұйымдастыруда    әр мұғалім қөздеген  мақсатқа жетті, өз  іс-шарасына  дең қойып, жауапкершілікпен қарап, шығармашылықпен дайындалды.

Дайындаған:

ӘБ жетекшісі Ескендирова Б.Б.

 

Просмотров: 373


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст