"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША  БІЛІМ БӨЛІМІ КРАСНЫЙ ЯР АУЫЛЫНЫҢ  № 1 ЖАЛПЫ  ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН  МЕКТЕБІ" КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
КОММУНАЛЬНОЕ ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ "ОБЩЕОБРАЗОВАТЕЛЬНАЯ ШКОЛА  № 1 СЕЛА КРАСНЫЙ ЯР  ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ПО ГОРОДУ  КОКШЕТАУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ"

kssh__1

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

14.12.2017

№1 Красный Яр орта мектебінің 3 «Б» сыныбында Тәуелсіздік күніне орай

ашық тәрбие сағаты өтті.

Тәрбие сағатының тақырыбы: Желбіресін елімнің көк туы.

Тәрбие сағатының мақсаты:

1. 1986 жылғы желтоқсанда орталықтың әміршіл - әкімшіл солақай саясатына қарсы алғаш рет бас көтеріп демократия жолында құрбан болған ұл қыздарымыздың ерліктері жайында түсінік бере отырып, жастардың алаңға не себепті, қандай мақсатпен шыққандығын жете түсіндіру. 

2.Өз Отанына, туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыра отырып, өз ана тілін, әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін сақтай

білуге патриоттық сезімге тәрбиелеу. 

3.Әрбір жеке тұлғаның еркін сөйлеп, өз пікірін, ойын айта білу қабілетін дамыту. 

Тәрбие сағатына ата-аналар мен ұстаздар қауымы қатысты.

Тербие сағаты әнұранмен басталып, желтоқсан оқиғасы туралы видео көрсетілді. Одан әрі желтоқсан құрбандары туралы оқушылардың дайындап келген мәліметтері оқылып, 1 минуттық үнсіздікпен еске алынды. Желтоқсан арқылы тәуелсіздіктің келгені жете түсіндіре отырып, мемлекеттік рәміздер мен елбасы туралы тақпақтар оқылды. Сабақ барысында «Атамекен» және «Көк тудың желбірегені» әні орындалды. Сөзжұмбақтар мен отан туралы мақал-мәтелдер, оқушылардың салып келген суреттері мен «Тәуелсіздік-тұғырым» көрмесі тәрбие сағатының көркін ашты. Тәрбие сағаты «Ел ертеңі – сендерсіңдер, талапты,көкірегі ояу, білімді де,еңбекқор ұрпақ болыңдар! Тәуелсіз еліміздің іргесі мықты болсын!»- деген мұғалімнің сөзімен әдемі аяқталды.


Просмотров: 1345


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст