2017 жылдың 4- 11 желтоқсан аралығында өткен тарих апталығының есебі.
Апталық алдын – ала жоспарланған жоспар бойынша өтті.Дайындық барсында тарих пәнінің мұғалімдері және 5 -11 сыныптарының сынып жетекшілері белсене қатысты.Қабырға газеттері жасалып, атпалық жоспары ілінді. Бір апта барысында 5 ашық іс – шаралар өтті. Апталықтың бірінші күні салтанатты сап түзеудегі апталықтың ашылуымен өтті. Бұл іс - шараға белсене қатысқан 8- 11 сынып оқушылары, іс- шараны басқарған тарих пәндерінің
мұғалімдері мен ӘБ жетекшісі Оспанова А.С.
Тарих пәнінің мұғалімі Бейсембаев Б.К. 8- 11 сынып арасында Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласына байланысты Рухани жаңғыруды сипаттау және патриоттық сананы ынталандыратын ұлттық құндылықтарды жаңғырту оқушылардың бойында ұлттық сананы ояту, жас ұрпақ санасына, туған халқына деген құрмет, сүйіспеншілік, мақтаныш сезімін ұялату, ұлттық рухты сіңіру туралы.әңгіме жүргізді, Іс – шараның негізгі міндеті Президентіміздің ел алдына қойған міндетін жүзеге асыру болды.
5 – ші желтоқсан тарих пәнінің мұғалімі Бейсембаев Б.К. 9- 11 сыныптар арасында « Рухани жаңғыру» - Ұлттық жаңғыру бағдарламасы атты ашық шара өткізді. Ашық шара акт залында интерактивті тақтаны қолдануымен өтті. Ашық іс – шара барысында оқушыларға презентациялар көрсетілді. Ашық шара жоғарғы әдістемелік деңгейде өтті.
Дәл осы күні тарих пәнінің мұғалімі Жаменов Ж.Б. 10- 11 ші қазақ сынып оқушыларының арасында «Рухани жаңғыру» тақырыбында акт залында сыныптан тыс дебат өткізілді. Балалар жоғарғы деңгейде дайындалып, оқушылардың назарын өздеріне аудартып, тақырыптың мәнін аша білді.
6 – ші желтоқсан күні тарих пәнінің мұғалімі Сайлаухан У. 8- 9 сыныптар арасында «Тәуелсіз Қазақстанның
қадірі» атты сыныптан тыс дөңгелек үстел өткізді. Балалар өздерінің дайындап келген баяндамаларын мен презентацияларын көрсетіп, одан басқа мәнерлеп өлең оқыды. Дөңгелек үстел жоғарғы әдістемелік
деңгейде өтті.
7 – ші желтоқсан тарих пәнінің мұғалімі Бейсембаев Б.К. акты залында Тарихи КВН 8 сыныптар арасында
сыныптан тыс іс- шара өткізді. КВН өте қызықты болды, балалар көрермендерді бір қуантып, КВН арқылы көптеген мәлімет берді.
8 – ші желтоқсан Еслямов Т.Ж. тарих пәнінің мұғалімі акты залында Знатоки истории тақырыбында 6-7 сыныптар арасында сыныптан тыс іс- шара өткізді. Шара сайыс түрінде өткізіліп, оқушылар дайындап келген көріністерін көрсетіп, балалар Қазақстан тарихы сабағынан алған білімдерін түрлі сайыстарға қатысып көрсете
білді.
Оқушылар апталық шаралардың барлығына белсене қатысты. Ең белсенділері мақтау қағаздарымен марапатталды.
Жаратылыстану– тарих циклінің бірлестік жетекшісі:
Оспанова А. С.