Қазақстан Республикасының Президенті
Н.Ә.Назарбаевтың Жолдауы туралы пікір
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбiшұлының 2018 жылғы 10 қаңтарындағы халыққа арнаған кезекті Жолдауын баршамыз ынта-ықыласпен оқыдық. Көреген Елбасымыздың әр сөзін зерделеп, ой түйдiк.Нұрсұлтан Әбішұлы әлем елдерінің құрметіне бөленіп келе жатқан мемлекетіміздегі атқарылған істерге тоқталып, бүгінде әлем Төртінші өнеркәсіптік революция дәуіріне, технологиялық, экономикалық және әлеуметтік салалардағы терең және қарқынды өзгерістер кезеңіне қадам басып келе жатқанын айтып,болашақ өсуіміздің,өркендеуіміздің маңызды 10 міндетін белгілеп берді.
Мен бастауыш сынып мұғалімімін. Жолдаудағы «Адами капитал – жаңғыру негізі » жетінші міндеттен көп ой түйдім. Білім берудің жаңартылған мазмұны қоғамның, ұстаздардың , ата – аналардың, оқушылардың алдына жаңа талаптар қоюда. Жаңартылған білім мазмұны – жаңа бағдарламалар, оқулықтар, стандарттар, оқытудағы жаңа әдістер мен көзқарастар. Мұғалімнің өзі де өзгеретін кез келді. Осы орайда Елбасы педагогтарды оқыту және біліктілігін арттыру жолдарына көңіл бөлу керектігін баса айтты. Орта білім беру саласында жаңартылған
мазмұнға көшу 2021 жылы аяқталатын да Елбасы көрсетіп берді.
Мұғалім мәртебесін көтерудің жолдарын көрсеткен Елбасының даналығына тағы да көз жеткізгендейміз.
Біздің ұжым Республика Президентiнiң бiлiм беру саласына катысты идеяларын қолдайды. Кезекті Жолдаудағы көрсетiлген мiндеттердi жүзеге асыруда белсендiлiк танытып, елiмiздiң жарқын болашағы- шәкірттерімізге сапалы білім, саналы тәртіп беруде шығармашылықпен еңбектенетіні айқын.
Елбасы Жолдауында көрсетiлген мiндеттердi абыроймен орындау — әрбiр қазақстандықтың абзал да абройлы борышы деп білемін.
Омарова Айтжамал Ғаббасқызы ,
№1 Красный Яр орта мектебінің
бастауыш сынып мұғалімі