Ағылшын тілі пәнінен ашық сабақ Project work "Education".
06 ақпан күні 6 «А» сыныбында ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Шайхина А.К. Project work "Education" тақырыбында ашық сабақ өткізді. Бұл қорытынды, қайталау сабағы болды. Сабақта оқушылар орындаған тапсырмалар мен жаттығулар жүйелі түрде құрастырылған. Оқушылардың жас ерекшеліктерін ескеріп отырып, үлгерімдеріне де көңіл аударылды. Оқушылар бұл сабақта өз бетінше белгілі бір тақырыпқа жоба құрастырды. Ол жобаларын тақтаға шығып қорғады. Жоба бойынша бір – біріне сұрақтар қойып, оған жауап берді. Берілген тақырыпты толық бекіту үшін оқушылардан тест жұмысы алынды. Оқушылар сабақта өзін-өзі бағалау әдісімен жұмыс жасады. Сабақта қолданылған әдіс-тәсілдер сабақ мақсатында, құрылымында, қойылған білімділік, тәрбиелік міндеттеріне сәйкес келеді.