"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ КРАСНЫЙ ЯР АУЫЛЫНЫҢ № 1 ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ" КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
КОММУНАЛЬНОЕ ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ "ОБЩЕОБРАЗОВАТЕЛЬНАЯ ШКОЛА № 1 СЕЛА КРАСНЫЙ ЯР ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ПО ГОРОДУ КОКШЕТАУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ"
11 сынып түлектеріне аттестаттарды тапсыру 3-4 маусымда өтеді
11.05.2020
Қорытынды аттестаттау емтихандарының биыл өткізілмейтіні ескеріліп, бұл іс-шараны маусым айының басында өткізу туралы шешім қабылданды.
Мереке аясында салтанатты түрде аттестаттар табысталады және мектеп түлектері үшін соңғы қоңырау соғылады.
Іс-шара міндетті түрде мектеп аумағында, ашық алаңда, қонақтарсыз, тек бітірушілердің қатысуымен және санитарлық нормаларды сақтай отырып өтуі тиіс. Аттестат тапсыру рәсіміне мектеп формасында келу ұсынылады.
Салтанатты бөлімнен кейін ағаш отырғызу акциясын өткізу жоспарланып отыр.
Кейінгі жылдары мұндай акция дәстүрлі түрде 25 мамырға орай ұйымдастырылады.