"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША  БІЛІМ БӨЛІМІ КРАСНЫЙ ЯР АУЫЛЫНЫҢ  № 1 ЖАЛПЫ  ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН  МЕКТЕБІ" КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
КОММУНАЛЬНОЕ ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ "ОБЩЕОБРАЗОВАТЕЛЬНАЯ ШКОЛА  № 1 СЕЛА КРАСНЫЙ ЯР  ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ПО ГОРОДУ  КОКШЕТАУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ"

kssh__1

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

2020 жылғы 5 наурыз күні «Үздік педагог-2020» мектепішілік байқауының 2-ші кезеңі өтті. Байқауға қатысушы мұғалімдер Ережеге сәйкес кәсіби шеберліктерін алға ұсынып, понарама түрінде сабақ көрсетті.

05.03.2020


Ағылшын тілінің мұғалімі Шайхина Акбидай Кенжебаевна     8 "А" сынып оқушыларымен  "Travelling" тақырыбы бойынша сабақ өткізілді. Сабақтың мақсаты: Сұрақ қою арқылы оқушылардың диалогтық және монологтық сөйлеу дағдыларын дамыту; Әр түрлі тапсырмалар арқылы тілге деген қызығушылығын ояту. Сабақ барысы модельдеу әдісі арқылы жүзеге асты. Оқушылар сыни тұрғыдан ойлау арқылы зерттеушілік әңгімеге төселді. Сабақтың барлық кезеңдерінде белсенділік пен ұйымшылдық көрсетілді. Оқушылар бір-бірлерін тиянақты тыңдап, интерактивті тақтадағы және кітаптағы материалдарды think-pair-share әдісі арқылы жүзеге асырып отырды.
География пәнінің мұғалімі Оспанова Айтжамал Сидратовна10 А сынып оқушыларымен «Дүниежүзілік  саяси кеңістік» тақырыбы бойынша сабақ өткізді. Сабақ барысында топтық жұмыс, постер түріндегі таныстырылымдар, миға шабуыл әдіс-тәсілдері қолданылды. Сонымен қатар интерактивті тақтаның көмегімен сарамандық жұмыс жүргізілді. Сабақ бойы оқушылар тапсырмалар орындай отырып бағалау жұмысына баса назар аударды. 

 

Қазақ тілі мен əдебиеті мұғалімі Мугжанова Жазира Сабыровна "Наурыз-уыз мерекесі"атты 8 сыныпта сабақ өткізді. Сабақта белсенді интерактивті тəсілдерді пайдаланды. Əр тапсырмадан кейін қалыптастырушы бағалау жүргізілді.
Бастауыш сынып мұғалімі Сатымова Ремкуль Усербаевна  4"Ә" сыныбында ашық сабақ өткізді. Сабақ барысында әртүрлі белсенді тәсілдер қолданылып, оқу мақсаты орындалды.
Бастауыш сынып мұғалімі Шокатова Шара Уразгалиевна «Мысық, түлкі және әтеш» ертегісінің желісі бойынша 3-4 түзету-дамыту сыныптарының оқушыларымен театрландырылған сабақ өткізді. Сабақтың мақсаты қол моторикасы мен тіл дамыту жұмысының тиімділігін көрсету. Оқушылар да, көрермендер де балалардың өнерін тамашалап, көтеріңкі көңіл күйге бөленді.  
Барлық байқауға қатысушы кәсіби шеберліктерінің жоғары дәрежеде екендігін  көрсетті.

Просмотров: 312


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст