2020 жылғы 4 наурызда мектебімізде ағылшын мұғалімдеріне арналған ««Оқытудың белсенді әдіс-тәсілдері. Оқытудың формасы мен әдістерін таңдау қағидалары» тақырыбында облыстық практикалық семинар өтті. Семинар бағдарламасына сәйкес бастауын, орта және жоғары буын сыныптарында ашық сабақтар өткізілді.
Ағылшын пәні мұғалімдері Насырова Лариса Рафаиловна, Ушмугин Юрий Александрович «Ағылшын тілі сабақтарындағы белсенді әдістері» тақырыпты шеберлік сыныбын көрсетті. Осы шара барысында «Sweets», «Who am l?», «Six thinking hats», «Poem» сияқты стратегиялар пайдаланды. Семинарға қатысушылар шеберлік сынып үрдісіне үлкен қызығушылықпен қатысты.
Ағылшын тілі мұғалімі Жексенбаева Динара Кайыргельдиновна "Ағылшын тілі сабақтарында оқытудың белсенді әдіс- тәсілдерін қолдану" тақырыбында қатысушылармен коучинг өткізді. Коучингтің мақсаты белсенді оқыту туралы білім беру және қатысушыларға сабақта шет тілін оқытудың түрлі белсенді әдіс-тәсілдерін көрсету. Коучинг барысында "Идеялар алаңы", "Топтастыру", өзін-өзі бағалау және өзара бағалау әдістері қолданылды. Қатысушылар коучингқа белсенді қатысып, тақырып бойынша оңтайлы ой-пікірлерін айтты.
Ағылшын тілінің мұғалімі Искакова Құндыз Амангельдиновна «The World of Fairy Tales» тақырыбында сыныптан тыс шара өткізді. Осы шараға 4 Б сынып оқушылары “Cinderella“ ертегісіне сахналау жасады. Ал 5-6 сынып оқушылары ағылшын тілінде Абай Құнанбайұлының өлеңдерін мәнерлеп оқып берді. Сыныптан тыс шара семинар қатысушылар тарапынан жоғары бағаланды.