"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША  БІЛІМ БӨЛІМІ КРАСНЫЙ ЯР АУЫЛЫНЫҢ  № 1 ЖАЛПЫ  ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН  МЕКТЕБІ" КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
КОММУНАЛЬНОЕ ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ "ОБЩЕОБРАЗОВАТЕЛЬНАЯ ШКОЛА  № 1 СЕЛА КРАСНЫЙ ЯР  ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ПО ГОРОДУ  КОКШЕТАУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ"

kssh__1

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Оқытудың белсенді әдіс-тәсілдері. Оқытудың формасы мен әдістерін таңдау қағидалары» тақырыбында облыстық практикалық семинар өтті.

05.03.2020

2020 жылғы 4 наурызда мектебімізде ағылшын мұғалімдеріне арналған ««Оқытудың белсенді әдіс-тәсілдері. Оқытудың формасы мен әдістерін таңдау қағидалары» тақырыбында облыстық практикалық семинар өтті. Семинар бағдарламасына сәйкес бастауыш, орта және жоғары буын сыныптарында ашық сабақтар өткізілді.
Ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Исмаилова Жумабике Абилжановна 4а сыныбымен "Animals"тақырыбында бекіту сабағын өткізді. Сабақтың мақсаты  жаңартылған оқу бағдарламасы аясында сабақта қолданатын әдіс-тәсілдерді көрсету, тілді үйрену аясында оқушы мен оқытушының тығыз байланыста болуы, тыңдау және сөйлеу дағдыларын дамыту, бағалау құралдарын көрсетуді алға тарту.
Сабақта көрсетілген әдіс-тәсілдер семинар қатысушылары үшін өте құнды болды.
Ағылшын тілі пәнінің мұғалімі  Шайхина Акбидай Кенжебаевна  9 "Ә" сыныбында "Real film talks" тақырыбында ашық сабақ өткізілді. Сабақ барысында "Сыни ойлауға үйрету", " ОҮБ және ОБ, АКТ" сынды модульдерді тиімді қолданды. Сонымен қатар "Миға шабуыл", "кластер", "синквейн", " критерий арқылы бағалау" атты стратегиялық іс-әрекеттерді оқушыларға қалыптастырып, қолдана білуге дағдыландырды. Сабақтың әр кезеңінде оқушыларға тақырыпқа негізделген қызықты тапсырмалар берілді және оқушылардың сөйлеу, оқу дағдыларын жетілдіру арқылы сөйлеу құзыреттілігін дамыту үшін жағдай жасалды.
Ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Айтеева Гулназ Ерденқызы белсенді қатысып, 10 "Б" сыныбымен ағылшын тіл пәнінен  "Multiple intelligences" атты сабақта тыңдалым мен айтылым әдістері жоғары деңгейде пайдаланып, сабақ жақсы деңгейде өтті. 
Үштілділік оқытуды енгізу аясында  оқушылардың мәдениетаралық қарым-қатынас жасау  қабілеттерін қалыптастыру мен дамыту мақсатында мектепте физика, биология, химия және информатика пәндерінен факультатив сабақтар жүргізіледі. Тәжірибе тарату үшін информатика мұғалімі Марина Ивановна Попельская 9 сынып оқушыларымен ағылшын тілінде «In the IT world» тақырыбында сыныптан тыс шара өткізді. Осы шараның мақсаты стандарттан тыс жағдайда оқушылардың білім және білік деңгейін анықтау үшін қолайлы жағдай жасау, ағылшын тілінде компьютерлік терминдерді қолдануда оқушылардың дағдыларын дамыту. 
Ойын жоғары эмоционалдық деңгейде, жоғары қарқында өтті. Сыныптан тыс шара алдына қойылған  міндеттер іске асырылды. Осындай іс-шаралар тілдік дағдыларды дамытуға септігін тигізеді, сонымен қатар информатика пәнін ағылшын тілінде оқуға деген қызығулықты арттырады.

 

Просмотров: 300


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст