| Орналасқан жері, пошталық мекенжайы | Красный Яр ауылының №1 жалпы орта білім беретін мектебі,  Красный Яр ауылы,  Тәуелсіздік  к-сі, №13, қабылдау бөлмесі, 020010. | 
		
			| Негізгі функционалдық міндеттері | -оқушылардың психологиялық және әлеуметтік әл-ауқатын қамтамасыз етуге және қалыпқа келтіруге, олардың әртүрлі өмірлік жағдайларда әлеуметтік-психологиялық бейімделу қабілетін дамытуға, сондай-ақ кәсіби өзін-өзі анықтау мәселелерінде көмек көрсетуге бағытталған қызметті жүзеге асырады;-білім алушылардың, тәрбиеленушілердің, педагог қызметкерлердің және оқушылардың немесе оларды алмастыратын адамдардың ата-аналарының психологиялық мәдениетін қалыптастырады;
 -инклюзивтілік қағидатын іске асыруға жәрдемдеседі және білім беру процесіне қатысушылардың барлығының мінез құлқының толерантты мәдениетін қамтамасыз етеді;
 -қорқытудың, суицидтің алдын алу бойынша жұмыс жүргізеді;
 білім алушылар, тәрбиеленушілер, педагогтар және басқа да қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, Академиялық адалдық қағидаттарын сіңіреді;
 -әртүрлі профильдер мен мақсаттарға психологиялық диагностика жүргізеді, оқыту, жеке даму және мінез-құлық мәселелерін уақтылы анықтайды, психологиялық қорытынды жасайды;
 -ерекше білім беру қажеттіліктерін бағалауға қатысады және оның негізінде оқушылардың жеке ерекшеліктері мен мүмкіндіктерін ескере отырып, дамыту бағдарламаларын, сондай-ақ педагог-ассистент жүзеге асыру үшін балалардағы проблемалық мінез-құлықты жеңу бағдарламаларын әзірлейді;
 -түрлі психологиялық проблемалары бар балаларға, оның ішінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға консультациялар, жеке, кіші топтық және топтық дамыту сабақтары түрінде психологиялық көмек көрсетеді;
 дарынды білім алушыларға психологиялық қолдау көрсетеді;
 ата-аналарға, мұғалімдерге, мамандарға нақты психологиялық мәселелерді шешуде консультациялық көмек көрсетеді;
 -педагогикалық ұжымға, сондай-ақ оқушылардың немесе оларды алмастыратын адамдардың ата-аналарына білім алушылардың жеке және әлеуметтік даму мәселелері бойынша ұсынымдар әзірлеу мақсатында зерттеу жұмыстарының материалдары бойынша психологиялық талдау жүргізеді;
 -белгіленген нысан бойынша құжаттаманы жүргізеді, педагогикалық, әдістемелік кеңестердің жұмысына, білім беру ұйымының жұмыс жоспарында көзделген ата-аналар жиналыстарын, сауықтыру, тәрбие және басқа да іс-шараларды өткізу жөніндегі жұмысқа қатысады;
 -кәсіби құзыреттілікті арттырады, мектеп жасындағы балалармен психологиялық жұмыстың заманауи әдістері мен технологияларын қолданады;
 -бала құқықтарын қорғау жөніндегі конвенцияға сәйкес жеке адамның құқықтарын қорғауға жәрдемдеседі;
 балалардың өмірін, денсаулығы мен құқықтарын қорғауды қамтамасыз етеді, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау қағидаларын сақтайды;
 -білім алушылар, тәрбиеленушілер, педагогтар және басқа да қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, Академиялық адалдық қағидаттарын сіңіреді.
 | 
		
			| 3 | Кандидатқа қойылатын, бекітілген Біліктілік талаптарыПедагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамалары
 | "Педагогика және психология" бағыты бойынша жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім немесе бейіні бойынша жоғары медициналық білім, жұмыс өтіліне талаптар қойылмайды;және (немесе) біліктіліктің жоғары немесе орта деңгейі болған кезде: педагог-модератор үшін кемінде 3 жыл, педагог-сарапшы үшін кемінде 4 жыл, педагог – зерттеуші үшін кемінде 5 жыл мамандығы бойынша жұмыс өтілі;
 және (немесе) біліктіліктің жоғары деңгейі болған жағдайда, мамандық бойынша жұмыс өтілі: педагог-шебер үшін кемінде 5 жыл.
 | 
		
			| 5 |  | 1) осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша конкурсқа қатысу туралы өтініш;2)жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);
 3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке парақ (нақты тұрғылықты мекен-жайы және байланыс телефондары көрсетілген-Бар болса);
 4) педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
 5)еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
 6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы"ҚР Денсаулық сақтау министрінің міндеті М. А. 30.10.2020 ж. № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;
 7) Психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
 8) Наркологиялық ұйымнан анықтама;
 9) ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі – ҰБТ)немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);
 10) 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы.
 |