13 қыркүйек күні мектебімізде сынып жетекшілер әдістемелік бірлестік отырысы өтті.Отырысқа 50 сынып жетекші қатысты. Отырыста тарих пәнінің мұғалімі Хамдиева Д.Н Қазақстан президенті Қ.Тоқаевтың "Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі" атты алғашқы жолдауын баяндады. Тәжірибелі сынып жетекшілердің және мектепішілік "Ең үздік сынып" жетекші атауының иегері Ганиева Ш.М "Сынып жетекшілер оқушылардың ата-аналарымен ынтымақтастықты ұйымдастырудағы негізгі бағыттары" атты баяндама оқып,5 сыныптың жаңа сынып жетекшілері мен бастауышта болған сынып жетекшілермен практикалық жұмыс жасады.ТІ орынбасары Жусупбекова Ж Қ " 2019-2020 оқу жылының тәрбие жұмысымен таныстырып,жаңа оқу жылына қойылатын тәрбие жұмысы мақсаты мен міндетіне,атаулы мерекелерге тоқталды. Назарбаев интелектуалды мектебімен серіктестігіміз жалғасып, Шаңырақ қауымдастығының жұмыстарын ары қарай жалғастырып,жақсы нәтижелерге қол жеткізуге бағыт- бағдар берді.Жаңа оқу жылына ӘБ жетекшілері сайланды.