Текст
2 қыркүйек күні мектебімізде 9-11 сынып оқушыларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бастамасымен Білім және Ғылым министрлігінің қолдауымен бүкіл Республика көлеміндегі бірыңғай «Адалдық сағаты» біздің мектебімізде де өтті. Адалдық сағатына ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы жөніндегі департаментінің директорының бірінші орынбасары Бердалин Арман Тілектесұлы қатысып, оқушыларымызға адалдық, парасаттылық,әділдік туралы кеңес берді. Ескендирова Б.Б оқушыларымызға алғашқы сынып сағаттында адалдық туралы бейнеролик көрсетіп, адал болу үшін біраз ұлағатты сөздер айтып, кеңес берді.