Красный Яр №1 орта мектебінде «Саналы ұрпақ-жарқын болашақ» атты 1 қыркүйек Білім күніне арналған салтанатты саптүзеу өткізілді. Салтанатты саптүзеуге алғаш рет мектеп табалдырығын аттаған бірінші сынып оқушылары мен 11 сынып оқушылары қатысты. Мектеп басшысы Мугжанова А.Д бірінші сынып оқушыларына алғашқы қадамдарымен құттықтап, сапалы білім алуын тіледі, ал он бірінші сынып оқушыларына алда тұрған сындарынан сүрінбей өтіп, білім шыңына шығуларына тілектестік білдірді. Красный Яр селосының әкімдігі атынан мерекеде Баязитов Амангелді Қиянбекұлы оқушыларды білім күнімен құттықтап, сәттілік тіледі. Алғашқы қоңырау соғу рәсімі 1-сынып оқушылары Асайбек Айзере мен Соловьева Елизавета, Сериков Мухамед 11- сынып оқушысы тоғызқұмалақтан облыстық, республикалық турнирлердің жеңімпазы , Ақмола облысы әкімі Маржықпаев Ермек Боранбайұлының алғыс хатының иегері Иманғалиұлы Дамир мен теннистен қалалық, облыстық турнирлердің жеңімпазы Капитонова Дильназға берілді. Бұл күн алғаш рет мектеп табалдырығын аттаған бүлдіршіндеріміздің ата-аналары үшін ерекше қуанышты күн болды.