Текст
Бұл балалардың өздері үшін көңілді мереке ғана емес, бұл қоғамға балалар мен олардың құқықтарын қорғау қажеттілігі туралы ескерту. Балалардың қолайлы достық жағдайда оқып, сүйікті ісімен айналысуы және болашақта еліміздің үздік азаматтары болуы үшін бақытты және қауіпсіз балалық шақ әркімде болуы керек. Біздің балаларымыз қуанышты, көңілді, бақытты балалық шаққа ие болсын. Олардың жүздері әрқашан күлімсіреп жарқырай берсін, ал армандары орындалсын. Мереке құтты болсын, қымбатты балалар!
Мектеп директоры Мугжанова Алтынай Даулетовна