Текст
Бүгін 18 маусым күні N1 Красный Яр орта мектебінің "Балдырған" мектеп алаңында "Мен Қазақстанның болашағымын" атты іс-шара өтті. Шара барысында балалар тақпақ оқып, тақырыпқа байланысты мақал-мәтел айтып, сөздерді үш тілде аударып өз білімдерін көрсетті. Сонымен қатар ағылшын, орыс тілі, информатика үйірмелері өз жұмысын жалғастырды. Көкшетау қаласындағы "Әулет" орталығына 24 оқушы қатысып келді. "Тоғызқұмалақ" ойынына, сурет және би үйірмелеріне қатысып, тамаша әсер алды.