"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША  БІЛІМ БӨЛІМІ КРАСНЫЙ ЯР АУЫЛЫНЫҢ  № 1 ЖАЛПЫ  ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН  МЕКТЕБІ" КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
КОММУНАЛЬНОЕ ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ "ОБЩЕОБРАЗОВАТЕЛЬНАЯ ШКОЛА  № 1 СЕЛА КРАСНЫЙ ЯР  ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ПО ГОРОДУ  КОКШЕТАУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ"

kssh__1

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ата-аналар мен мектептің өзара іс-қимылын күшейтудегі отбасылық құндылықтар

16.05.2019

 Қымбатты ата-аналар! Бүгінгі Халықаралық отбасы күніне арналған «Отбасы тәрбиесі-өскелең ұрпақтың азаматтылығын тәрбиелеудің негізі» тақырыбындағы жалпыұлттық ата-аналар жиналысына қош келдіңіздер!

Ата-аналар жиналысының мақсаты-отбасылық тәрбие мәселелерін талқылауға ата-аналарды қатыстыру, олардың жауапкершілігін және балаларды тәрбилеудегі рөлін арттыру.

Қазіргі кездегі баланың дамуына, жеке тұлға болып қалыптасуына, рухани байлығының молаюына ата –анамен бірлесіп еңбек ету, ұрпақ тәрбиелеудің әдіс –тәсілдерін жетілдіре отырып, тығыз қарым –қатынас орнату ең басты мәселелердің бірі болып табылады. Ата –аналардың мектеппен, мұғаліммен тығыз байланыс арттыру және мейрімділікке, ұстамдылыққа тәрбиелеудің жолдарын көрсету бала тәрбиелеу сапасының аз да болса жоғарлауына ықпал етеді.

Красный Яр №1 орта мектебі  тәрбие үрдісі, мұғалім мен оқушылардың оқу тәрбие үрдісінде, өзін –өзі тәрбиелеуде өздігінен білім алуда іске асатын ата –ананың көмегімен оқушылардың жеке көзқарасы, адамгершілік нормасы, жалпы мәдени кәсіптік қабілетінің асуына бағытталған мектеп ұжымының іс –әрекеттері арқасында іске асады. Ұлы Абай атамыз «Дүниедегі ең ғажайып нәрсе – адамдардың бір – бірімен қарым - қатынасы» деген екен.

 Ата –ана мен мектеп арасындағы өзара байланысын нығайту жолдарын жақсартуда төмендегідей нәтижелерге жетеді:

а) ата-ананың педагогикалық мәдениеті жетіледі;

ә) мектеп өміріне белсенділік танытады;

б) өз баласының дұрыс дамуы үшін ата-ананың тәрбиелеу мен білім беру саласындағы қажеттілігі анықталады;

в) ұл, қыз тәрбиесіне жауапкершілікпен қаралып, көңіл бөлінеді.

Мектебімізде оқушылармен, ата –аналармен, ұстаздар қауымымен бірлесіп жыл бойы жасалған жұмыстардың негізгі формаларын сіздерге ұсынғалы тұрмын. Біздің білім беру мекемемізде жүйелі ата –анамен ынтымақтастық бағытта орнаған.

Жиналыстың күн тәртібі:

  1. Оқу жылының қорытындылары, оқушылардың білім сапасы. Мугжанова А.Д
  2. 11-сынып оқушыларын қорытынды аттестаттау Беккалиева М.М
  3. Білім беру ұйымдарының қамқоршылық кеңестері және ата-аналар комитеттері. Мухаметжанова Айжан Карабаевна
  4. Алдын алу шаралары. Мектеп инспекторы Сулейменова Зарина Болатхановна
Просмотров: 554


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст