"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША  БІЛІМ БӨЛІМІ КРАСНЫЙ ЯР АУЫЛЫНЫҢ  № 1 ЖАЛПЫ  ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН  МЕКТЕБІ" КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
КОММУНАЛЬНОЕ ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ "ОБЩЕОБРАЗОВАТЕЛЬНАЯ ШКОЛА  № 1 СЕЛА КРАСНЫЙ ЯР  ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ПО ГОРОДУ  КОКШЕТАУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ"

kssh__1

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі Красный Яр ауылының №1 жалпы орта білім беретін мектебінің көркем еңбек пәні мұғалімі Оспанова Айслу Давлетовнаға мектеп ата-аналары алғыс білдіреді.

25.01.2022

«Адамның адамшылығы-ақыл,ғылым, жақсы ата, жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан болады», -деп ұлы ақын Абай айтып өткендей, адам баласына адамшылдықтың  нәрін беретін бірден-бір ұстаз екені анық. Красный Яр ауылының № 1 жалпы орта білім беретін мектебінде Оспанова Айслу Давлетовна көркем еңбек пәні мұғалімінің қызметін көп жылдан бері атқарып келеді. Білімі жоғары, педагог- зерттеуші. Ол еңбек жолында талай жетістіктерге жетіп, мектепішілік, қалалық сайыстарға қатысып мектептің абыройын көтеріп жүрген ізденімпаз ұстаз. Мұғалімнің негізгі мақсаты – оқушылардың бойындағы шығармашылық қабілетін анықтап,  әсем талғам мен өнерін дамыту. «Өнерінен бал тамған» адам - деп осы кісіні ауыз толтырып айта аламыз, өйткені қыз балаларымызға  ине ұстау, кесте тоқу, әртүрлі тағам жасауды үйрете отырып,олардың бойында еңбексүйгіштік, адамгершілік, инабаттылық қасиеттерін анықтап тәрбиелейді. Міне, ұстаз өзінің кәсіби шеберлігін шыңдаумен қатар, өз шәкірттеріне пәнге деген қызығушылықты арттыра біледі.
Сонымен қатар ол мектептегі қоғамдық жұмыстарға да белсене араласады, әсіресе мектеп ауласын көгәландыру, мектептің ішін безендіруде еңбегі зор. Ұжым ортасында беделді, адамгершілігі мол, мінезі ашық, жас мамандарға көмектесіп отырады. Айслу Давлетовна заман талабына сай, білімін үнемі жетілдіріп отыратын, білім мен тәрбиені ұштастырған ұстаз. Өз уақытын білім беруде аянбайтын ұстаз еңбегіне ата-аналар тарапынан алғысымыз шексіз! Арамызда осындай білікті, білімді, өз ісінің кәсіби шебері жүргеніне мақтан тұтамыз!
Ата-ана

Просмотров: 207


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст