Құрметті ұстаздар, ата-аналар, қымбатты оқушылар! Сіздерді 1 желтоқсан — Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнімен шын жүректен құттықтаймын! Мұндай елеулі күн Мемлекетіміздің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Қазақстан халқына және мемлекетіне сіңірген орасан зор еңбегіне деген құрмет болып табылады. Ұлт Көшбасшысының тұрақты және жүйелі негізде атқарып келе жатқан өлшеусіз еңбегінің нәтижесінде Қазақстан серпінді даму жолына түсті. Тұңғыш Президентіміздің еңбек жолы — болашақ жастарымыз үшін үлгі мен тағылымның мектебі. «Елі еріне, ері еліне» сенген еліміздің мәртебесі әлем елдері алдында мәңгілік биіктей берсін! Осындай күні, баршаңызға мерекелік көңіл-күй, жанұялық бақыт, игілік, ел болашағы үшін жасап келе жатқан игі істеріңізге табыс тілеймін!