Красный Яр ауылының №1 жалпы орта білім беретін мектебінің 8 Б сыныбында «Lesson Study» зерттеу сабағы жүргізілуде.
Мақсаты: оқушылардың қажеттіліктерін барынша қанағаттандыратындай етіп сабақ жоспарлау, сабақта тиімді әдіс-тәсілдерді ұтымды қолдану.
Оқушылардан алынған сауалнама негізінде зерттеуге түсетін пәндер таңдалды. Топ мүшелерімен бірлесіп отырыстар өткізілді. Білім сапасын арттыруды қажет ететін 8«Б» сынып оқушылар арасынан «А»,«В», «С» деңгейлі оқушылар белгіленді. Пән мұғалімдері тізбектелген сабақтар топтамасы бойынша өткізетін ашық сабақтардың жоспарын бірлесе құрып, қолданылатын белсенді әдіс-тәсілдерді айқындап алды. Математика пәнінен Шаймов Ж.Ж, орыс тілі мен әдебиетінен Усманова Г.Ж және қазақ тілі мен әдебиетінен Қожабаева Д.Ж сабақтары жоспарға кіргізілді. Өткен аптада өткізілген сабақтарда сынып оқушыларының сабаққа күнделікті дайындығы, «А»,«В», «С» деңгейлі оқушылардың үлгерімі, сабақтағы жалпы белсенділігі жан –жақты топ мүшелерінің бақылауында болды. Сабақ соңында кері байланыс жасалып, оқушылардың пікірлері есепке алынды. Зерттеу нәтижесінде оңтайлы өзгерістер де, қиындықтар да кездесті. Келесі ретте бірлесіп құрылатын сабақ жоспарларына ұсыныстар жасалып, өзгерістер енгізіледі.
/public/files/2021/11/25/251121_153628_whatsapp-video-2021-11-24-at-184509.mp4