Сахналық көрініс.
Қазақ тілі мен әдебиеті онкүндігі аясында орта буын оқушыларымен Ыбырай Алтынсариннің әңгімелері сахналанды.Балалар қуыршақтардың көмегімен жақсылық пен жамандыққа,еңбек пен тәрбиеге деген өз көзқарастарын жеткізе алды.Бала кейіпкерді саусаққа кигізіп және қолында бейнеленген кейіпкер үшін әрекет етеді. Жұмыстың бұл түрі өте қызықты және пайдалы.Мұндай көріністер балалардың көркемдік қабілеттерін тереңірек дамытады, оларды әдеби шығармалардың мазмұнын түсінуге және сезінуге үйретеді. Өз кейіпкерінің рөліне үйрену арқылы бала әлемді тек ақылмен ғана емес, жүрекпен де біледі.Ал орыс сыныптарында қазақ тіліндегі көріністерді көрсету олардың сөйлеуін одан әрі дамытады,ой-өрісін байытады,қазақ әдебиетінің ең үздік үлгілерімен жақындастырады.
Қазақ тілі мен әдебиеті онкүндігі аясында орта буын оқушыларымен Ыбырай Алтынсариннің әңгімелерін сахналауға жоспарладым,себебі сабақтан тыс шараның бұл түрі –саусақ театры,қазіргі кезде сирек қолданады.Балаларға Ыбырай Алтынсариннің әңгімелерін алдым,себебі осы жылы көрнекті ақын-жазушының туғанына 180 жыл толды.Оқушыларға сөздерін ертерек беріп,декорацияны әзірледім.Қазіргі заманның мүмкіндігін пайдаланып,сахналауға интерактивті тақтаны қолдандым.Көрініске балалар жауапкершілікпен қарады:сөздерін жаттап,рөлге кіруге тырысты.Сахналық көріністі сыныптастары тамашалап,алған әсерін айтты.
Педагогтің аты-жөні: Мугжанова Ж.С.
/public/files/2021/11/22/221121_140157_whatsapp-video-2021-11-20-at-142837.mp4