"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША  БІЛІМ БӨЛІМІ КРАСНЫЙ ЯР АУЫЛЫНЫҢ  № 1 ЖАЛПЫ  ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН  МЕКТЕБІ" КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
КОММУНАЛЬНОЕ ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ "ОБЩЕОБРАЗОВАТЕЛЬНАЯ ШКОЛА  № 1 СЕЛА КРАСНЫЙ ЯР  ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ПО ГОРОДУ  КОКШЕТАУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ"

kssh__1

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

2021 жылғы 1 қырқүйектегі Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа жолдауы бойынша пікір

01.09.2021

Красный Яр ауылының №1 жалпы орта білім беретін мектебінің ұжымы 1 қыркүйек күні Қазақстан Республикасының  Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жыл сайынғы халыққа жолдауын тыңдап,  талқылады. Жолдауда келесі өзекті мәселелерге баса назар аударылған: әлеуметтік, экология, мал шаруашылығы, білім, агро бизнес және т.б. салаларға  қатысты жасалатын қадамдар айтылып кетті.

Өзімізге жақын білім саласына байланысты жолдауда, мұғалімдердің жалақысын үш жылда көтеру, оқу бағдарламаларын жаңашылдыққа бейімдеу, дарынды балаларға ақшалай сыйлықтар беру, мұғалімдерді моральдік және қаржылай ынталандыру, цифрлық мұғалім жобасын іске асыру сұрақтарын көтерді. Сонымен қатар әрбір үш жыл сайын мұғалімдердің кәсіби біліктіліктілігін арттыру, мың мектеп салу, ауыл мектептерінің жан басына шаққандағы қаржыландыруға көшіру туралы сөз қозғады. Осы мәселелердің оңтайлы шешілуі әрине мектеп ұжымы тікелей бізге байланысты екенін түсінеді, және де іске асуына күш салуға дайын.

         Бұл жолдауда республиканың әлеуметтік-экономикалық  жағдайын қалпына келтіру бойынша нұсқаулықтар мен стратегиялық іс-қимыл жоспары нақты анықталды. Бұл жолдау еліміздің  басты әрі өзекті мәселелерін шешуге және Қазақстанның одан әрі гүлденуіне ықпал тигізетіне сенімдіміз!

         Мемлекет басшысы ұстаз қауымының еңбегін жоғары бағалап, әрдайым қолдап отырады. Осы орайда, біз мектеп ұжымы атынан алғыс білдіреміз! Бізде өз тарапымыздан барынша білім саласын дамытуға, сапалы білім беруге, бар күшімізді салуға дайынбыз!

Просмотров: 107


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст