Бұл жаднама Сіздерге арналған! Сіз балаңызға ең жақын адам ретінде балалар мен жасөспірімдер арасындағы зорлық – зомбылық пен жыныстық қолсұғуларға қарсы тұруына көмектесетін адам болып табыласыз✅
Зорлық – зомбылықтың алдын алуға болады, тек ол үшін балаға «Жеті болмайды ережесін» қалыптастыруға көмектесіңіз:
1.✅ Көшеде бейтаныс адаммен сөйлесуге және үйге кіргізуге болмайды;
2. ✅Подъезд және лифтке бейтаныс адаммен кіруге болмайды. Басқа ересек адамды не әйел адамды күткен дұрыс;
3. ✅Үлкендерсіз (ата – ана, мұғалім, ересек туысқандар) бөтен автокөлікке отыруға болмайды;
4. ✅Бейтаныс адамдардан сыйлық алуға және олардың үйіне шақыруын немесе басқа бір жерге барайық деген ұсынысын қабылдауға болмайды;
5. ✅Далада жалғыз жүруге болмайды, әсіресе кешкілік уақытта;
6. ✅Үйде ересек адамдар болмағанда үйдің есігін ашуға болмайды (бейтаныс адамның су сұрауы, телефонмен сөйлесуге рұқсат сұрауы, ата – анаға хат жазамын немесе құжат қалдырамын деуі мүмкін)
7. ✅ «Қатерлі топпен» байланыс жасауға болмайды (маскүнемдер, нашақорлар, сотталғандар және т.б.), олар көршілер не алыс туыстар болған жағдайдың өзінде де.
Қауіп – қатер туған жағдайда өз – өзін осылай ұстау ұятты емес, қажетті екендігін түсіндіріңіз!
Балаға үнемі «ЖОҚ» деп жауап беруді үйретіңіз:
1.✅Егер балаңызға қонаққа кіруге немесе үйге дейін жеткізіп салайық деген ұсыныстарына, ол көрші болғанның өзінде де;
2. ✅Егер балаңызға балабақша немесе мектептен алып кетуге басқа біреу келетін болса, алдын ала ескертіңіз;
3. ✅Егер үйде ата – ана болмаған кезде бейтаныс (нашар танитын) адам келіп үйге кіргізуін өтінсе;
4. ✅Егер баламен уақыт өткізу мақсатында бейтаныс адам тәттілер беріп танысуға ұсыныс білдірсе;
5. ✅Егер бейтаныс адам қажетті көшені көрсетіп жіберуді, сөмкесін көтерісуді немесе дүкенге дейін шығарып салуды сұраса.
Бала келесі сөздер тізбегін жаттап алсын:
1. ✅Рахмет, бірақ менің ата – анам бейтаныс адамдардың үйіне қонаққа баруға тыйым салады;
2. ✅Кешіріңіз, бірақ мен ешқайда бармаймын;
3. ✅Мені жайыма қалдырыңыз, болмаса мен айқайлаймын.