"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША  БІЛІМ БӨЛІМІ КРАСНЫЙ ЯР АУЫЛЫНЫҢ  № 1 ЖАЛПЫ  ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН  МЕКТЕБІ" КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
КОММУНАЛЬНОЕ ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ "ОБЩЕОБРАЗОВАТЕЛЬНАЯ ШКОЛА  № 1 СЕЛА КРАСНЫЙ ЯР  ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ПО ГОРОДУ  КОКШЕТАУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ"

kssh__1

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Жаңа оқу жылының басталуы туралы ақпарат

05.08.2021

2021 жылғы 1 қыркүйектен бастап Көкшетау қаласының жалпы білім беретін мектептерінде жаңа оқу процесін 1-11 сыныптарда қатаң санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып, дәстүрлі форматта өткізу жоспарлануда. Дәстүрлі форматта оқыту бір сыныпта 25 оқушыдан аспайтын 1-11 сыныптарда жүзеге асырылады.
Мектептерде мәдени-көпшілік және спорттық-бұқаралық іс-шаралар толығымен тоқтатылады.
Дәстүрлі форматта оқыту шарттарының бірі-мұғалімдер мен қызметкерлерді вакцинациялау болып табылады.
Мектептерде дәстүрлі оқыту форматын ұйымдастыру кезінде мынадай шаралар сақталады:
1) әрбір сынып «Бір сынып – бір кабинет» қағидаты бойынша белгілі бір кабинетте болады.;
2) кіреберісте медициналық қызметкерінің оқушылар мен педагогтардың температурасын күнделікті өлшеуі;
3) бетперде кию режимін қамтамасыз ету;
4) кабинеттер мен барлық үй-жайларды желдету, кварцтау;
5) сынып бөлмелерін ылғалды тазалау;
6) дәліздердегі, рекреациялардағы, холлдардағы және басқа да үй-жайлардағы ауысымдар, кіші ауысымдар арасындағы ылғалды жинау.
Орта білім беру ұйымдары дезинфекциялау құралдарымен жеткілікті мөлшерде қамтамасыз етілген.
Оқытудың дәстүрлі форматында бірыңғай мектеп формасы бойынша талаптар сақталатын болады. Мектеп формасына түрлі конфессиялардың діни киім элементтерін енгізуге жол берілмейді.

Просмотров: 182


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст