Пікірлер

30.09.2026
Құрметті оқырмандар!
Бірінші кітап бойынша пікір қалдырған барлық қатысушылар өздерінің алғашқы 250 ұпайын алды. Сонымен қатар, бонустық ұпайлар қарастырылған: оқу кестесін уақытында орындағандар 50 ұпай, ал бейнепікір (видеоотзыв) жүктегендер тағы 50 ұпай алды. Нәтижесінде, әр қатысушының жинаған ұпайы әртүрлі болуы мүмкін: біреулер тек 250 ұпай алса, ал барлық шарттарды орындағандар 350 ұпайға ие болды.
Қатысушылар арасында рейтингте неге біреу бірінші, біреу екінші немесе үшінші орында тұр деген сұрақтар туындауы мүмкін. Тізімдегі орын пікірдің жарияланған күні мен уақытына тікелей байланысты. Жүйе пікірді бірінші болып жариялаған қатысушыны (10 күндік мерзім аяқталғаннан кейін) жоғары қоятындай етіп жұмыс істейді. Яғни, кім жылдамырақ жазса, сол әрқашан алда болады.
Просмотров: 13


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу