Мектеп асханасында дайындалған тағамдардың сапасы мен берілуін тексеру
22.09.2026
2026 жылғы 18 қыркүйекте жоспарлы бракераж комиссиясы мектеп асханасында дайындалған тағамдардың сапасы мен берілуін тексерді.
Комиссия құрамында:
оқу жұмысы жөніндегі директордың орынбасары Искакова А.А.;
медицина қызметкері Ережепова А.А.;
әлеуметтік педагог Каримова М.А.;
1 «Б» сынып оқушыларының ата-аналары Махметова С.Н., Анарбаева Ж.С. болды.
Тексеру барысында комиссия бекітілген мәзірге сәйкес дайындалған тағамдарды қарап, олардың сапасына бақылау жүргізді.
Тексеру нәтижесі бойынша дайындалған тағамдардың сапасы тағамдарды дайындау технологиясының талаптарына және бекітілген мәзірге сәйкес келетіні анықталды. Жоспарлы бракераждық тексеру барысында бұзушылықтар мен ескертулер анықталған жоқ.
Комиссияның ұсынысы:
Тағамдарды дайындау технологиясын, санитариялық-гигиеналық талаптарды сақтау және дайын өнімнің сапасына тұрақты бақылау жүргізу жалғастырылсын.
Просмотров: 116