"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША  БІЛІМ БӨЛІМІ КРАСНЫЙ ЯР АУЫЛЫНЫҢ  № 1 ЖАЛПЫ  ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН  МЕКТЕБІ" КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
КОММУНАЛЬНОЕ ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ "ОБЩЕОБРАЗОВАТЕЛЬНАЯ ШКОЛА  № 1 СЕЛА КРАСНЫЙ ЯР  ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ПО ГОРОДУ  КОКШЕТАУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ"

kssh__1

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Жауапсыздық өлімге алып келеді: Ақмола полицейлері азаматтардан балаларына мұқият қарау керектігін ескертеді

01.06.2021
 
Жауапсыздық өлімге алып келеді: Ақмола полицейлері азаматтардан балаларына мұқият қарау керектігін ескертеді
Қазіргі уақытта жасөспірімдер қылмысы ең өзекті тақырыптардың бірі болып қала беруде. Жасөспірімдер тек қылмыс жасап қана қоймай, көбінесе қылмыскерлердің құрбаны болады. Алайда әлемде тағы бір үлкен проблема бар ол – жазатайым оқиға.
Жазатайым оқиғалардың пайда болу себептері әртүрлі. Бірақ оған көбінесе жас балаларына қарамайтын ата-аналар кінәлі.
«Қазіргі уақытта Ақмола облысының Полиция департаменті көп қабатты үйлердің терезелерінен кәмелетке толмағандардың құлап кетуіне байланысты жазатайым оқиғалардың жиілеп кетуіне алаңдауда. Ағымдағы жылдың 14 мамырында облыс орталығында ересектердің қарауынсыз бөлмеде қалған бір жарым жасар бала жетінші қабаттың терезесінен құлап кетті. Алынған жарақаттар нәтижесінде сәби қайтыс болды. Өкінішке орай, бұл мысал бірінші рет болған жағдай емес, - деп атап өтті Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары полиция полковнигі Р. Ж. Жанбеков. - Менің ата-аналарға айтарым: балаларыңызға мұқият болыңыз, оларға қамқорлық жасаңыз және оларға көбірек уақыт бөлуге тырысыңыз! Балаларыңызға немқұрайлы қарамаңыз-олар сіздің болашағыңыз!»
Ағымдағы жылы көп қабатты үйлердің терезелерінен жас балалардың құлауының 5 фактісі тіркелді. Негізінен, оларға сүйенуге арналмаған москит торлары себеп. Оның ішінде 2 факті Көкшетау қаласында, Степногорск қаласында, Зеренді және Целиноград аудандарында 1 фактіден. Төрт жағдайда балалар түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді.
2020 жылы Ақмола облысының аумағында терезеден жас балалардың (2 жастан 6 жасқа дейінгі) құлауының 10 фактісі тіркелді. 9 жағдайда балалар тірі қалды, түрлі жарақаттармен ауруханаларға жатқызылды, денсаулық жағдайы қанағаттанарлық. Бір жағдайда - Степногорск қаласы бойынша: екі жасар қыз бір айдан кейін аурухананың жансақтау бөлімінде қайтыс болды.
Мұның бәрі жауапсыздық, немқұрайлылық және ата-аналар мен басқа ересектердің бақылауының болмауының нәтижесі.
Полиция көптеген азаматтар үшін бұл мысалдардың бәрі маңызды сабақ болады деп үміттенеді.https://www.instagram.com/p/CPkxXukszLv/?utm_medium=copy_link
Просмотров: 67


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст