Қадірлі ата-аналар, білімалушылар!
Сіздерге 2021 жылғы 26 мамыр мен 19 маусым аралығында "Ақмола облысы Білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша КрасныйЯр ауылының № 1 жалпы орта білім беретін мектебі" КММ-де шектеу шаралары кезеңінде жіберілген білім олқылықтарының орнын толтыру және оқыту сапасын арттыру мақсатында ата-аналардың өтініші бойынша барлық ниет білдірген білімалушылар үшін Жазғы мектеп ашылатынын хабарлаймыз.
Құрметті ата-ана!
Егер Сіз балаңыздың оқу бағдарламасын толық меңгергендігін және келесі сыныптағы білім стандарттарын қиындықсыз игеруін қаласаңыз, Жазғы мектепке балаңыздың тіркелуіне себепші болыңыз. Бекітілген кесте бойынша негізгі пәндер өткізіледі.Оқу тегін және ешқандай қосымша шығындарды қажет етпейді. Мектеп формасын сақтау талап етілмейді.
Мектептерде санитарлық-эпидемиологиялық талаптар (кіре берістегі температураны күнделікті өлшеу, маскалық режим, қолды жиі жуу, оқу бөлмелерін ылғалды жинау, желдету, кварцтау) толық сақталады. Көпшілік шаралар ұйымдастырылмайды.
https://www.instagram.com/tv/CPhZVr6HLqG/?utm_medium=copy_link