2021 жылдың 9 сәуір күні #1 Красный Яр орта мектебінде жалпы мектепшілік ата-аналар жиналысы ZOOM арқылы өткізілді.Аталмыш жиналыстың тақырыбы" Бюджеттен бөлінген қаражатты жұмсау туралы есебі"деп аталды.Күн тәртібінің жоспарына орай,1-сұрақты мектеп директоры А.Д.Мугжанова баяндады.Ол бюджеттен бөлінген қаражаттың қалай жұмсалғаны туралы есеп берді.2-сұрақ осы оқу жылының соңындағы қорытынды аттестаттау және ҰБТ-ны өткізу туралы болды.Бұл сұрақты директордың оқу ісіндегі орынбасары М.М.Беккалиева талқылады.Келесі сұрақ Нұрлы көш және Геологов көшесінде тұратын оқушыларды тасымалдау қалай ұйымдастырылғаны туралы болды.Оның мән-жайын директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары А.А.Султанова хабарлады.Соңғы сұрақ оқушылардың тамақтануды ұйымдастыруы туралы болды.Сол туралы мектеп асханасының меңгерушісі Б.С.Оразбаева сөз алды.Жиналыс барысында ата-аналар өздерінің сұрақтарын қойып,жауап алды.Аталмыш жиналыста көп сұрақтар шешімін тапты.
https://www.instagram.com/p/CNc0kXosRQE/?igshid=1p50itoborkgo