"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША  БІЛІМ БӨЛІМІ КРАСНЫЙ ЯР АУЫЛЫНЫҢ  № 1 ЖАЛПЫ  ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН  МЕКТЕБІ" КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
КОММУНАЛЬНОЕ ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ "ОБЩЕОБРАЗОВАТЕЛЬНАЯ ШКОЛА  № 1 СЕЛА КРАСНЫЙ ЯР  ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ПО ГОРОДУ  КОКШЕТАУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ"

kssh__1

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

2021 жылдың 19 ақпан күні №1 Красный Ярта мектебінде «Рухани жаңғыру» жоспары негізінде заманына «ХХ ғасырдың Гомері» , жыр дүлділі, ғасыр ақыны, Жыр алыбы- Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына арналған «Әлем ақыны – Жамбыл Жабаев» атты әдеби кеш өткізілді.

19.02.2021

2021 жылдың 19 ақпан күні №1 Красный Ярта мектебінде «Рухани жаңғыру» жоспары негізінде заманына «ХХ ғасырдың Гомері» , жыр дүлділі, ғасыр ақыны, Жыр алыбы- Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына арналған «Әлем ақыны – Жамбыл Жабаев» атты әдеби кеш өткізілді. Кештің мақсаты: Жыр алыбы Жамбылдың ақындық талантын шәкірт жүрегіне ұялату арқылы поэзияны сүю, оны бағалай білуге ұғындыру.Оқушылардың сөйлеу мәдениетін дамыту, сөз өнерін қадірлеп, қастерлей білуге дағдыландыру, ақынөлеңдерін, поэзиясын сүйе білуге үйрету. Ақын шығармалары арқылы ұлт жандылық сезімін оятып, адамгершілікке, елінінің өнерін сүюге тәбиелеу.
Кешіміздің арнайы қонақтары болып Алматы қаласынан атамыздың тікелей ұрпақтары қатысты:
- Жамбылова Салтанат Тезекбайқызы – Жамбыл ақынның немересі, Жамбыл Жабаевтың әдеби-мемориалды музейінің меңгерушісі.
- Тезекбай Қарлығаш Бейбітханқызы - Жамбыл ақынның шөбересі, Жамбыл Жабаевтың әдеби-мемориалды музейінің қор сақтаушысы.
Оқушыларымыза атамыздың шыққан жерін, руын айтып, қанша өмір серіктері мен балалар жөнінде көптеген қызықты ақпараттар айтты. Жамбыл Жабаевтың әдеби-мемориалды музейі бойынша экскурсия жүргізді. Балалар таңдана, қызығып тамашалады.
Іс-шара 4 бөлімнен тұрды:
1 –бөлім. «Өмірі – аңыз, өзі – абыз»
Жамбыл атамыздың өмірі мен шығармашылығына шолу. Қонақтарымызға сөз берілді.
2 – бөлім. «Жыр алыбы-Жамбыл»
Жамбыл атамыздың өлеңдерін мәнерлеп жатқа айтты.
3 –бөлім. «Екі алыптың арасы Абай мен Жамбыл...»
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің ұстазы, тіл жанашыры, әдебиет саласының майталманы Кожагельдин Марат Молдағұлұлы сөз сөйледі.
4 –бөлім. «Жамбыл баба, мәңгі бірге қазақпен» өлең шығару
7 Ә сынып оқушысы Оралбаев Мадияр атамызға өзі шығарған арнауын оқыды. Жауаптылар: қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігі.@otdel_obrazovaniya_kokshe @akimatkr.yar

https://www.instagram.com/tv/CLety4anYln/?igshid=3unuf9qwu8o5

Просмотров: 122


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст