2021 жылдың 29 қаңтар күні мектеп жоспарына сәйкес сынып жетекшілерінің әдістемелік бірлестігінің отырысы болды.Күн тәртібінің жоспарына орай, «Рухани-жаңғыру» бағдарламасы жоспарының орындалуы туралы директордың тәрбие жөніндегі меңгерушісі Мукашева А.Б.баяндады. Келешек ұрпақтың нақты мақсатқа қол жеткізуге, білім алуға, саламатты өмір салтын ұстануға және кәсіптік табысқа басымдық бере отырып, мінез-құлықтың ұтымды моделін қалыптастыруға мемлекетіміздің барша жағдай жасап жатқанын ескере кетті.Осыған орай сынып жетекшілеріне үлкен жауапкершілік артылатынын айтты. Әр сынып жетекшілерінің сынып сағаттарында жаңа технологиялық әдіс-тәсілдерді қолдану туралы сынып мұғалімі Уаилдинова М.Т. баяндады.Ол өзінің сынып сағаттарына түрлі интербелсенді әдістерін қатыстыратынын мәлімдеді. Сынып ұжымының ұйымшылдығы мен тәртібін түзету жолындағы жұмыс туралы келесі баяндаушы, 7 «А»сынып жетекшісі Мугжанова Ж.С. сөз алды.Белгілі педагогтардың сөзін келтіріп,балалар ұжымы тек педагог тұлғасының басшылығымен ғана дамитынын дәлелдеді.Сынып белсенділерінің, дарынды оқушылардың жұмысын анықтау және олармен жұмыс жүргізуін сұрады.Келесі сөз бастауыш сыныбының сынып жетекшісі Казжанова Ж.Т.берілді.Сынып жетекшісі әріптестерімен өз сыныбындағы ата-аналар жиналысының өткізу технологиясымен бөлісті. Бірлестік отырысында сынып жетекшілерінің есебін, тәжірибесін тарату, шығармашылығының есебін тыңдау, бағалау, насихаттау кеңінен жүргізілді. Бірлестік мүшелерінің өзекті тақырыптарына қорытынды жасай отырып, инновациялық жұмыстарға жетелей отырып,озық тәжірибелі, жаңашыл жетекшілердің іс-тәжірибесін оқып-үйренеміз деген шешімге келді.
https://www.instagram.com/p/CKol2eIHpmM/?igshid=82bv86j8f6vy