"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША  БІЛІМ БӨЛІМІ КРАСНЫЙ ЯР АУЫЛЫНЫҢ  № 1 ЖАЛПЫ  ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН  МЕКТЕБІ" КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
КОММУНАЛЬНОЕ ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ "ОБЩЕОБРАЗОВАТЕЛЬНАЯ ШКОЛА  № 1 СЕЛА КРАСНЫЙ ЯР  ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ПО ГОРОДУ  КОКШЕТАУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ"

kssh__1

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Әдістемелік қызмет жұмысы

08.01.2021


2021 жылғы 05-06 қаңтарда  мектепте әдістемелік бірлестік отырыстары өткізілді. Отырыс барысында жоспарлы мәселелер қарастырылып, алдағы уақытта атқарылатын сұрақтар талқыланды. Директордың оқу-тәрбие жөніндегі орынбасары Р.Б. Жангалиева озық педагогикалық тәжірибені талдап қорытудың келесі негізгі критерилеріне  түсіндірме берді:

ОПТ өзектілігі, ҚР білім жүйесін  дамытудың  стратегияларын жүзеге асыруға бағытталуы;
білімнің жоғары нәтижесі - Қазақстандық заманауи білім моделі талаптарына сай болуы: оқытушыларды  әлеуметтендіру; негізгі құзыреттілік; ішкі сапалық бағалау  нәтижесі;
оңтайлылығы, уақыт пен күшті үнемдеу  арқылы  жоғары нәтижеге  қол жеткізу;
тұрақтылығы, оқу үрдісіндегі жетістіктердің  тиянақтылығы;
жаңашылдығы, педагогикалық экспериментті зерттеудің  шығармашылық  деңгейі.

Сонымен қатар озық педагогикалық тәжірибені сараптама жүргізуге ұсыну үшін қажетті келесі құжаттардың мазмұны мен тәртібіне тоқталып өтті:

қалалық Эксперттік Кеңесте тәжірибені талдап қорыту материалдарын  қарастыру жөнінде өтініш жазу;
 тәжірибені талдап қорыту жөнінде шешім қабылданған әдістемелік бірлестік мәжілісінің (ұстаздар кеңесінің) хаттамасынан көшірме;
тәжірибе жөнінде сипаттама;
 қосымшалар;
тәжірибе материалына сын-пікір.

                   /public/files/2021/1/8/080121_155413_whatsapp-video-2021-01-05-at-154344.mp4

Просмотров: 227


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст