Текст
Ұйымдар тізімі
17.04.2021
11 “а”сынып оқушыларымен мектеп медбикесі Ережепова А.А. «Ерте жүктіліктің алдын алу”атты әңгіме жүргізді. Әңгіменің мақсаты: білім алушыларды ерте жүктілік кезінде физиологиялық, психологиялық және әлеуметтік жағдайлары туралы айтылды. Ерте жүктіліктің себебін анықтау, ерте жыныстық қатынасты алдын алу жөнінде нұсқаулықтар берілді.
https://www.instagram.com/p/CNu5boGswjC/?igshid=xcc6gxu5gu4
17.04.2021
Мектеп инспекторы Досмайлов Ж.Ж 9,11-сынып оқушыларымен құқық бұзушылық туралы дәріс өткізді. Дәріс жастар арасында қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу, сондай-ақ жасөспірімдердің құқықтық санасын қалыптастыру мақсатында өткізілді.ДосмайловЖ.Ж. өз сөзінде қылмыстық құқық бұзушылық жасаған кезде он төрт жасқа толған, бірақ он сегіз жасқа толмаған тұлғалар кәмелетке толмағандар деп танылады деп атап өтті. Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы өз ерекшелігіне ие екендігін айты.
https://www.instagram.com/p/CNu5IMAMw2M/?igshid=1pna1tc83xdns
17.04.2021
2021 жылдың 16 сәуір күні ZOOM платформасы арқылы Ақмола облысы Білім басқармасының Көкшетау қаласындағы білім бөлімінің Красный Яр ауылының № 1 орта мектебі »КММ-де мектеп ұжымымен кездесу өтті. Жиналыста 2021 жылы 1-сыныпқа қабылдауды ұйымдастыру, вакцинация, ЮСТАДИ ұсынатын қызмет түрлері мәселелері талқыланды. Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Алпысбаева К.А. 2021 жылы 1- сыныпқа қабылдау ережелері туралы баяндады. ЮСТАДИ мұғалімдер мен мектеп түлектеріне қандай қызмет түрлерін көрсететінін, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Беккалиева М.М.хабарлады. Кездесуде бас дәрігердің орынбасары- Айтпаева Мақпал Елеусізқызы мектеп ұжымына коронавирусқа қарсы вакцинацияның маңыздылығы туралы хабарлады
https://www.instagram.com/p/CNu4wQAMyMt/?igshid=k8a22tp2xsd5
17.04.2021
13 сәуірде бастауыш сыныптар апталығы аясында 4 «Г» сыныбында математика пәнінен ашық сабақ өтті. Сабақтың мақсаты: Оқушылар бөлімдері бірдей жай бөлшектері бар өрнектердің мәндерін салыстырады. Сабақта АКТ және көрнекі материалдар қолданылды. Балалар сабақта белсенді жұмыс жасады. Оқытушы: Нуралина Д.С.
https://www.instagram.com/p/CNuLWTVns5t/?igshid=w9yh3bif2rtb
17.04.2021
15-сәуір күні бастауыш сыныптар апталығының аясында 0"А" мектепалды даярлық сыныбында "Достаса білейік" тақырыбына сыныптан тыс іс-шара өткізілді. Іс-шараның мақсаты "Достық" сөзінің мәнін түсіндіру, түсініктерінің кенейту.Өткізу барысында кеспе суретер, кестелер және де дидактикалық материалдар пайдаланылды.Сабақ өте қызықты өтті
https://www.instagram.com/tv/CNty1Y1nU94/?igshid=1sdmjesopec1p
17.04.2021
15 сәуір күні 4 "Б" сыныбында бастауыш сынып апталығы аясында Мұқағали Мақатаевты еске алуға арналған "Мен өмірді жырлау үшін келгенмін…" атты әдеби кеш өтті.
Іс-шараның мақсаты: оқушыларға қазақтың патриотизімін тәрбиелеу, Мұқағали Мақатаев тұлғасын өз Отанының патриоты ретінде таныту, оның жан-жақты талантын, шығармаларының тереңдігін көрсету, балаларды ақынның өмірі мен шығармашылығымен таныстыру.
"Мен ғасырларға...
17.04.2021
“ Чернобыль АЭС-індегі апатының 35 жылдығына орай “ Ерлік сынып сағатын 10 “Б” сыныбында сынып жетекшісі:Утегенова А.А өткізді
https://www.instagram.com/tv/CNtwG5QHHbT/?igshid=1346dvahrqyw1
17.04.2021
15-сәуір күні бастауыш сыныптар апталығының аясында математика пәнінен «Есептер шығару тәсілдері,Қазақcтанға саяхат»тақырыбында ашық сабақ өткізілді. Сабақтың мақсаты: санды бірнеше есе арттыру/кемітуге; айырмалық салыстыруға, еселік салыстыруға берілген есептерді талдау және шығару; кері есептерді құрастыру және салыстыр көзделді. Сабақта АКТ,көрнекілік құралдар және дидактикалық материалдар пайдаланылды. Оқушылар сабаққа белсене қатысты. Мұғалімі: Маней А.
https://www.instagram.com/p/CNth3E_Hmml/?igshid=1kl3mtpjpz6wx
17.04.2021
Кітапханада Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған кітап көрмесі ұйымдастырылды.
https://www.instagram.com/p/CNsYa5fMQTL/?igshid=1kqh623tuo677
17.04.2021
«Красный Яр ауылының №1 жалпы орта білім беретін мектебінде» КММ 14 сәуір күні бастауыш сыныптың пән апталығы аясында 3-4 сынып оқушылары арасында «Тапқыр болсаң, озып көр!» атты зияткерлік сайысы өтті. Іс-шараның мақсаты: оқушылардың ой-өрісін кеңейту, ойлау қабілетін шыңдау, білімге деген құштарлығын арттыру, озық ойлы оқушыны анықтау. Іс-шара барысында оқушылар белсенді қатысып, өз білімдерін көрсетті. Оқушылар сайыста жүлделі орындарға ие болып, мақтау қағаздармен марапатталды. 1-орын иегері: 3 «Б» сыныбының оқушысы Жумабаева Амира, 2-орын иегері: 3 «Г» сыныбының оқушысы Жұмабек Айяжан, 3-орын иегері: 4 «В» сыныбының оқушысы Сапаргалиева Аружан. Ұйымдастырушылар: қазақ тілі пәнінің мұғалімдері Нурмагамбетова А.К., Байзаубай Г.
https://www.instagram.com/tv/CNsX043ng-J/?igshid=co138tungb5m

11 “а”сынып оқушыларымен мектеп...