Текст
Ұйымдар тізімі
20.12.2021
Қысқы каникул кезінде оқушылар 2021 жылғы 30 желтоқсан мен 2022 жылғы 9 қаңтар аралығында 11 күн демалады. Бірінші сынып оқушылары үшін 2022 жылғы 7-13 ақпан аралығында қосымша 7 күн каникул беріледі.
20.12.2021
"Оқуға құштар мектеп" жобасы
https://www.instagram.com/tv/CXseCWjvZzR/?utm_medium=copy_link
16.12.2021
Қымбатты жерлестер! Құрметті әріптестер! Сіздерді Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30-жылдық мерейтойымен шын жүректен құттықтаймын! Бұл күн – бәрімізге ортақ аса қастерлі мереке! Тәуелсіздік – ата-бабаларымыздың ғасырлар бойы армандаған асқақ арманы мен қайтпас қайсар рухының жемісі. Осы мерекеде әрбір шаңыраққа береке, елімізге тыныштық, жұртымызға амандық, еңбекте жеміс тілеймін! Тәуелсіздігіміз баянды болсын! Ізгі тілекпен Красный Яр ауылының №1 ЖОББМ директоры Мугжанова Алтынай Даулетовна
12.12.2021
11 "А" сыныптағы педагогикалық консилиум
10.12.2021
Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында 2 сыныптар арасында "Қазақстаным-менің Отаным" атты суреттер сайысы өтті. Оқушылар өз жұмыстарында Отанға деген сүйіспеншіліктерін көрсете білді. Балалар сайысқа белсене қатысып, жүлделі орындарға ие болды.
/public/files/2021/12/10/101221_181820_whatsapp-video-2021-12-10-at-074158.mp4
10.12.2021
Мұғалім болып мектеп табалдырығын аттағаннан бастап өмір бойы білім алу, өмір бойы үйрену бұрынғыдан артпаса, кемімейді. Соның ішінде әріптестеріңнен үйрену, тәжірибе арқылы үйрену мықты құралың болады. Жоғарыда А.С.Макаренконың айтқанындай жас маман болып мектебімізге келген мұғалімдерімізге мектеп директоры Мугжанова Алтынай Даулетовна кезекті отырысын өткізді
Мұғалім болып мектеп табалдырығын аттағаннан бастап өмір бойы білім алу, өмір бойы үйрену бұрынғыдан артпаса, кемімейді. Соның ішінде әріптестеріңнен үйрену, тәжірибе арқылы үйрену мықты құралың болады. Жоғарыда А.С.Макаренконың айтқанындай жас маман болып...
10.12.2021
09.12.2021ж апталық аясында Тарих пәнінің мұғалімі Бадымова Жанель Жангалиевна " Сақтар туралы тарихи мәліметтер" тақырыбында Біріккен сабақ өткізді. Сабақ барысын қазіргі Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығымен байланыстырып , сабақтың мақсатына жете білді. Сабақта балалар белсенді болып , тапсырмаларды орындай алды.
/public/files/2021/12/10/101221_181155_whatsapp-video-2021-12-09-at-183919.mp4
10.12.2021
08.12.2021ж пән апталығы аясында Тарих пәнінің мұғалімдері " Тәуелсіздікке 30 жыл" тақырыбында мұғалімдер арасында пікір-сайыс турнирін ұйымдастырды. Турнир АПФ форматында өтті. Әр спикер өз ойларын жеткізіп, позицияларын қорғап шықты .
10.12.2021
2021 жылдың 08 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай "Өзін -өзі тану" мұғалімі Искакова Гүлбағыш Аманжолқызы 6 "ә" сыныбымен " Ар -ұждан және абырой туралы" тақырыбында ашық сабақ өткізді.
08.12.2021
Пән апталығы аясында Тарих пәнінің мұғалімі Хамдиева Д.Н. 6 Б сынып оқушыларымен «Ұлы Жібек жолы» тақырыбында саяхат сабағын өткізді. Оқушылар сабаққа белсенді қатысты, Ұлы Жібек жолының маңызы мен рөлі туралы негізгі түсініктерді ашты.
/public/files/2021/12/8/081221_145053_whatsapp-video-2021-12-07-at-204154.mp4

Қысқы каникул кезінде оқушылар 2021...