Бүгін 9-сынып оқушылары үшін "Bolashaq saraiy" экскурсиясы ұйымдастырылды, онда "Jas skills" өңірлік чемпионаты өтті.

Экскурсияны: ҰӘҒМ бастығының орынбасары А. С. Әубәкіров өткізді.

Балалар оқу – материалдық базамен танысып, залдар бойынша экскурсияға қатысты.

Аят Сәбитұлы "Bolashaq saraiy"базасында өтетін үйірмелер мен секциялар туралы егжей-тегжейлі айтып берді. Іс-шараға қатысушылар конкурсқа үлкен қызығушылық  танытып, қызықтырған сұрақтарын қойды.