Гипербелсенді балалардың ата-аналарына ұсыныс
Гипербелсенді балалардың ата-аналарына ұсыныс
- Тәрбиеде нақтылық пен бірізділікті ұстаныңыз
- Баламен қарым-қатынаста сенім мен түсіністік қалыптастырыңыз
- Балаға қатты ережелер жүктемей, оның жүріс-тұрысын қадағалаңыз
- Баланың әрекеттеріне ол күтпеген әдістермен жауап беріңіз (қалжыңдау, оның қылықтарын қайталау, оны суретке түсіру, бөлмеде жалғыз қалдыру)
- Өз қалауыңызды дәл сондай сөздермен, сөздерді өзгертпей бірнеше рет қайталаңыз
- Бала өз қылықтары үшін міндетті түрде кешірім сұрау керек деген қағидадан аулақ болыңыз
- Бала не айтқысы келсе де соңына дейін тыңдаңыз
Отбасындағы микроклиматты өзгеру:
- Балаға көп көңіл бөліңіз
- Бос уақытты барлық отбасы мүшелерімен өткізіңіз
- Бала бар жерде ұрсысудан аулақ болыңыз
- Күн тәртібіне және бала сабақққа дайындалуға арнайы орын қажет
- Балаға және барлық отбасы мүшелеріне нақты күн тәртібін жасап қойыңыз
- Балаға тапсырманы, көңілін басқа жаққа аудармай, қалай орындауға болатынын жиі көрсетіп отырыңыз
- Бала сабақ оқып отырған сәтінде көңілін аудартатын факторларды азайтыңыз
- Балаға теледидар алдында ұзақ отыруға, компьютермен жұмыс жасауға шектеу қойыңыз
- Көп адамдар жиналған ортадан аулақ болуға тырысыңыз
- Шектен тыс шаршау, гипербелсенділіктің өсуі мен өз эмоцияларын реттеудің төмендеуіне әкелетінін ұмытпаңыз